Ақтөбедегі кен орнында тағы апат болды

2598
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбедегі кен орнында тағы апат болды. Салдарынан Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында жұмысшы ауыр жараланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп. 

Дөң кен байыту комбинатының 28 жастағы жұмысшысы жараланып, ауруханаға түсті. Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искариннің хабарлауынша, тау-кен шебері су насосын тексерген. Сол кезде насос бірнеше бөлікке бөлініп, жұмысшының аяғы мен қолына зақым келді. Оны алдымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізгенімен, кейін облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасына тасымалданды. Емдеу орнында ота жасалды.

«Аяғы сынып, жіліншігіне зақым келген. Ашық жарасы бар. Қолының саусақтары да сынған. Жағдайы орташа ауыр. Қазіргі кезде травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Пікірлер