Қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл төлейді

3055
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін 69 мың теңге айыппұл төлемек. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда әдепсіз сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау,  ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіру бұзақылық ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта мұндай ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК, яғни 17 250 теңге айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындалады. Ал жаңа редакция бойынша айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), ал қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 30 тәулікке дейін болады», - деді Азамат Құрымбаев.

 Түзетулер яғни 2023 жылдың наурыз айының басынан бастап күшіне енеді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер