Соңғы 10 жылда әлемде 1300-ден астам журналист қаза тапты - БҰҰ Жоғарғы комиссары

2399
Adyrna.kz Telegram
Фото: http://ксипт.рф/с
Фото: http://ксипт.рф/с

Соңғы 10 жылда әлемде 1300-ден астам журналист кәсіби борышын өтеу кезінде қаза тапты. Бұл туралы  БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеп.

«Журналистердің қауіпсіздігі ерекше мәселеге айналды. Соңғы 10 жылда 1300-ден астам журналист қаза тапты, өйткені олар біздің назарымызды ерекше жүрек ауыртатын жағдайларға (адам құқықтарының бұзылуы бар) аударғысы келді. Нәтижесінде олардың құқығы қорғалмады», - деді Түрікк Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда.

Ол сондай-ақ, дүние жүзіндегі әйел құқықтарының сақталуына алаңдайтынын айтып, Ауғанстандағы жағдайға тоқтала кетті. Сондай-ақ, ол климаттың өзгеруінің адам құқықтарына кері әсері алаңдататынын да айтты.

Пікірлер