Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 24 қаңтарда Алматыда "Таяу Шығыс елдеріне авиациялық техникаларды заңсыз жеткізбек болған" күдіктілерді ұстағанын хабарлады.

3266
Adyrna.kz Telegram

ҰҚК Алматы департаментінің ақпаратына қарағанда, арнайы қызмет Алматыда операция жүргізіп, "Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың әуе техникаларына арналған авиациялық құрал-жабдықты елден заңсыз шығармақ болған әрекетін тоқтатқан".

Департамент ақпаратына қарағанда, "Қазақстаннан заңсыз шығарылмақ болған" техниканың құны 122 мың доллардан асады. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 286 бабының 2-бөлімі ("Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы") бойынша іс қозғалған.

Күдіктілер ҰҚК-нің тергеу абақтысына қамалған. Арнайы қызмет күдіктілердің қанша адам екенін және нақты қай елге әскери техника шығармақ болғанын айтпады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер