"18 жасқа дейін әр балаға 50 мың теңгеден төленсін" - Бердалин Тоқаевқа ұсыныс тастады

9704
Adyrna.kz Telegram

Ақын Арман Бердалин Тоқаевқа дүниеге келген әр балаға 18 жасқа дейін ай сайын 50 мың теңгеден жәрдемақы төлеуді ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біздің елде бала тапқан анадан гөрі балалаған шошқаға көп ақша бөлінеді. Дүниеге әкелген әр баласы үшін анасына аз дегенде 50 мыңнан ай сайын 18 жасқа дейін төлейтін болса халқымыздың саны артып, сапасы өсетін еді. Жерден тапқан ойым емес, жеті баланың әкесі ретіндегі ұсынысым", - деп жазды Арман Бердалин.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер