Кениялық атлеттер Қазақстан азаматтығын алды

1958
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Кения елінің бес адамына "спорттық азаматтық" рәсімдеу шарасын бастап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, төрт спортшы - Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және олардың бапкері Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылы желтоқсанда Қазақстан азаматтығын алды.

2019 жылдан бастап атлеттер Шығыс Қазақстан облысы құрамасының атынан өнер көрсететін болады. "Сонымен қатар, олар "Алтай Атлетикс" клубының мүшелері.  Қазіргі уақытта федерация "спорттық азаматтықты" рәсімдеу шараларын бастап кетті. Оларды Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) өз ережелеріне сай тіркейтін болады. IAAF рейтингіне сәйкес қазіргі уақытта Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру бойынша екінші орында тұр, ал Каролин Кипкируи - бес мың метрге жүгіруден сегізінші орында, он шақырымға жүгіруден бірінші орын, үш мың метрге жүгіруден екінші орында. Өз кезегінде Дэйзи Джэпкимэй үш мың метрге жүгіруден оныншы орында", - делінген федерацияның ресми жауабында.

Жеңіл атлетикада соңғы өткен Қазақстан біріншілігінде ШҚО атынан бес кениялық спортшы өнер көрсетті. Еліміздің бас бапкері Григорий Егоров атлеттердің қазақстандық азаматтығын алғанын растады. Алайда мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Айта кетейік, Ротич "Алтай Атлетикс" клубында бапкер-менеджер қызметін атқарады.

Пікірлер