"Жастарымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады" - Ерлан Қошанов

2661
Adyrna.kz Telegram
Биыл қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толып отыр.
Осыған орай Мағжанның туған ауылы – Сарытомар ауылынан 7 сынып оқушысы Жасмин Қалдыбек қызымыз «Мен жастарға сенемін!» атты челлендж бастап, алғашқы болып маған жолдаған екен. Мен бұл ұсынысты қабыл алдым.
Жастарымыздың, балаларымыздың ұлт тарихы мен руханиятына деген құштарлығы бізді ерекше қуантады.
Эстафетаны Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетке және қазақ тілін дамытуға зор үлес қосып жүрген қарындасымыз Ольга Спиринаға жолдаймын!
 «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан  Қошанов
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер