Аймағамбетов: Қарапайым оқытушы ретінде ағартушылық жұмыспен айналысамын (ВИДЕО)

7262
Adyrna.kz Telegram

ҚР Оқу-ағарту экс-министрі Асхат Аймағамбетов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында Астанадағы университеттің біріне қарапайым оқытушы болып жұмысқа орналасып жатқанын хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Қазір мен үйдемін. Қолым бос. Негізінен сол балаларды таңертен мектепке, балабақшаға апарып, содан кейін балабақшадан, мектептен алып кетіп жүрмін.  4 қаңтарда жұмыстан кеткеннен кейін дәл сол күні кешке жақын балабақшаға бардым. Кіші ұлды алып кету керек болды. Сонда балабақшадағы апайы барып "Үйге алып кетуге әкең келді" деп айтып жатыр. Сонда ар жақтан естіп жатырмын... "Жоқ, әке емес. Анам шығар" деп сенбеді. Қалай келді деп ол да таңғалып жатыр ғой... Енді үйде жиналып қалған тұрмыстық әр түрлі шаруалар бар. Кітап оқуға уақыт пайда болды. Өзіме ұнайды. Сондай уақыт қазір...", - деді Аймағамбетов.

Экс министр Астанадағы университеттің біріне қарапайым оқытушы болып жұмысқа орналасып жатқанын хабарлады.

"Осы жуырда маған Астана қаласындағы өте ірі, сапалы университеттердің бірі "Біраз тәжірибеңіз бар. Осы тәжірибемен студенттермен бөліссеңіз" деп ұсыныс берді. Енді мен өзім оқытушы, педагог болғаннан кейін маған ұстаз болу өте жақын. Сондықтан кәдімгідей қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Енді қазіргі уақытта тиісті құжаттарды, курс бағдарламасын, силабус деген сияқты басқа жұмыстармен қазір айналысып жатырмын. Басқа да әр түрлі ұсыныстар бар. Мен жасырмаймын. Бұл ұсыныстар бойынша шешім қабылдап, ол туралы ақпаратты жақында қоғамға жеткіземін. Ағартушылық жұмыспен айналысу, балаларға білім беру, жинаған тәжірибемен бөлісуді қайда жүрсең де, оны бірге алып жүруге болады. Қандай қызметке барсаң да, немен айналыссаң да, бірге алып жүретін жұмыс. Сондықтан қазіргі уақытта қарапайым оқытушы ретінде өзім осындай өскелең ұрпақпен тәжірибемді бөлісуді жөн көріп отырмын", - деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер