Ер адамнан зорлық көрген жасөспірім қыз, ер тергеушіге басынан өткен жағдайды қалай айтады? - Айгүл Орынбек

4077
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/Айгүл Орынбек
Фото: Facebook/Айгүл Орынбек

Заңгер Айгүл Орынбек 15 жасар зорланған қыз туралы айтып, Тоқаевқа үндеу жолдады. Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық  порталы.

"Құрметті Президент!

Сіздің тапсырмаңыз орындалып жатқан жоқ!

15 жасар зорланған қызды тергеп-тексеруге дәл қәзір бізді Шымкент қаласы Абай ауданы полиция бөліміне шақырды.

Қоңырау шалған тергеуші сержант Мейіржан бұл істе тергеуге өзіне басшылық бергенін айтты.

Онсызда ер адамнан зорлық көрген жасөспірім қыз, тергеуші ер азаматқа басынан өткен жағдайды қалай айтады?

Зорлық-зомбылық көргендерге арнайы кабинет ашылу керек екенін өзіңізден сұраған едім. Ол тапсырмаңыз да, жергілікті жерлерде орындалып жатқан жоқ!

Құрметті Президент!

Әділетті Қазақстанды жылдам құрғымыз келсе, Сіздің тапсырмаңызды елемейтін, орындамайтын басшыларды орнынан алу керек!

Шымкент қаласының прокуратурасы назарға алыңыздар!

15 жасар қызды әйел тергеуші тергесе ғана, тергеу амалдарына барамыз!", деп жазды заңгер.

Пікірлер