“Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны - 284 адам”: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

3484
Adyrna.kz Telegram
Фото:  AP Photo / Depo Photos
Фото: AP Photo / Depo Photos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Түркияға жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып, Қазақстанның Түркияға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Түркияда болған күшті жер сілкінісі салдарына көптеген адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды естігенімде қатты қайғырдым. Осы қиын сәтте Қазақстан халқынан және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына, сондай-ақ бүкіл бауырлас түрік халқына көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 284 адамға жеткен. Ал зардап шеккендер туралы деректер әлі жаңартылуда.

Табиғи апаттан Түркияның орталық және оңтүстік-шығысындағы 10 провинциясы, соның ішінде Газиантеп, Малатия, Кахраманмараш, Адияман, Диярбакыр провинциялары ең көп зардап шеккен. Үйінді астынан адамдар шығарылуда. Ал тарихи Газиантеп бекінісі қирап қалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер