"Шәкірт жүрегіне жол тапқан..." Асхат Аймағамбетов ұстаздық қызметке кірісті

3520
Adyrna.kz Telegram

Қайраткер Асхат Аймағамбетов ұстаздық қызметке кірісті. Еліміздің бас ұстазы қызметін абыроймен атқарған азамат М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды. Оның мол тәжірибесі мен терең білімі, тағлымды парасаты шәкірт көкірегіне сәуле құйып, санасын ашары сөзсіз, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

Енді бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқитын болады. Асхат Қанатұлы біздің студенттерімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізетініне сенімдіміз.

«Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын» – деді Асхат Аймағамбетов.

"Адырна" ұлттық порталының ұжымы ұлт үшін, ұлттық мүдде үшін аянбай қызмет еткен азаматқа толайым табыс, асқақ абырой, жемісті жылдар тілейді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер