Заитов: Ұлт мүддесі үшін әрекетке барғандардың бәрі сатқын болса, онда Қонаевты сызып тастаңыздар (ВИДЕО)

10310
Adyrna.kz Telegram

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов "биліктің партиясына қосылып, халықты сатып кеттің" дегендерге жауап берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Сіздер билікпен келісімге барған адам "жексұрын" дейсіздер. Онда бәрін алып тастайық! "Чаттан шық, биліктің партиясына бардың, сатып кеттің" деп отырған мен емес қой?! Дұрыс па? Сіздер солай айтып жатырсыздар. Егер олай қарайтын болсақ, онда оппозицияңызды да сызып тастаңыз. Одан әрі барайық. Қонаевты сызып тастаңыздар. "Құдай жоқ" деген коммунистік партияның мүшесі болған. Өзбекәлі Жәнібековті, Жұмабек Тәшеновті, Манарбек Ержановты сызып тастаңыздар. Одан әрі барайық. Ыбырай Алтынсаринді сызып тастаңыздар. Патша үкіметімен келісімге барған Абайдың әкесі Құнанбайды сызып тастаңыздар. Взятка беріп болыс болған Абайды сызып тастаңыздар. "Болыс болдым мінеки, бар малымды шығындап" деп өзі айтады. Осының бәрін сызып тастаңыздар. Егер ұлтының мүддесі үшін әлдеқандай әрекеттің жолын тапқан адамдардың бәрі сатқын десеңіздер, осының барлығын сызып тастаңыздар. Мен де  осылардың қатарына қосылуға дайынмын. Солай істеген адамның бәрі сатқын болатын болса, мен солардың қатарында болайыншы. Онда сатқын емеспіз дегендер жақсы болып жүре берсін",- деді Ринат Заитов журналист Думан Мұхамедкәрімге берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер