Қазақ елі Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберді

3160
Adyrna.kz Telegram

Қазақ елі зілзаланың зардабын түрікпен теңдей көрген Сирия Араб республикасына  гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме көрсете отырып. 

Жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегіне сәйкес:

Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына төрт рейспен жіберілетін болады. Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.

Гуманитарлық жүктер консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтарынан тұрады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер