Екі қызын сириялық лаңкестерге күйеуге бермек болған. Астаналық ана сотталды

1053
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, кінәлі әйел адамды полиция қызметкерлері Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұстады.

“Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды”, - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтіктоптың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді.

Сот үкімімен кінәлі әйелге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу, мүлкі тәркіленіп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер