"Ерен басшым барда ертеңіме сенемін!" - Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ

3242
Adyrna.kz Telegram
ҚР Мәжілісінің бұрынғы депутаты әрі Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, ойы жүйрік, сөзі сұлу бұрынғы мемлекеттік қызметкер Бақытгүл Хаменованың апелляциялық шағымын сот қарастырды. 21 ақпан күнгі мәлімет бойынша, сот үкімі өзгеріссіз қалды. Қанағаттандырылған жоқ. Ал өзге сотталғандардың жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін сот Бақытгүл Хаменованы бала 14 жасқа толғанға дейін шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, сот залында қамаудан босатқан болатын. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан пара алды деген айып тағылды.

Сот алқасы бұрынғы мәжіліс депутатына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, оның жазасын жеңілдетуге қатысты негізді қарастырмады.

Алайда, осы іс бойынша айып арқалағандардың ішінде "бағы жанғандар" да бар. Дәл осы іс бойынша кінәлі деп танылған облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев жеті жылдан екі жылға дейін, ал «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов төрт жылдан 1,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Барлық сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылады. Заңгер Игорь Вранчев апелляциялық алқаның шешіміне шағым жасалатынын айтты.

Даудың бастауына үңіле кетейік, 2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова және төңірегіндегі бірнеше қызметкен Ұлы Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражатқа қол салды деген күдікпен ұсталған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер