Алматыда "Ерлік сабағы" өтті

2222
Adyrna.kz Telegram

Алматыда жергілікті әскери басқару органдарының ұйымдастыруымен "Ерлік сабағы" өтті.  Аталған шара Алматы қаласы Түрксіб ауданының басқармасы   мектеп оқушыларымен бірге Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған "Ерлік  сабағы" өткізді.  Бірінші "Ерлік  сабағы" Түрксіб ауданының 78-мектеп гимназиясында басталды. "Ерлік сабағы өскелең ұрпаққа тәрбиелік тұрғыдан орны ерекше. Сонымен бірге оқушылардың бойына  патриоттық  сезімін  қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа,  аталар  ерлігін  мақтан  тұта  жалғастыруға баулу, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің  ерлігін насихаттау болып табылады",  - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының міндетін атқарушы майор Әлімжан Қанайбеков. Сабақ "Ауғанстан біздің есімімізде және ауыр оқиға" деген тұсаукесермен және "Ауғанстан соғысы" деген видеомен басталды.Түрксіб ауданының 78-  мектеп  оқушылары Ауған соғысы  ардагерлері мен олардың  туысқандарына ,  қонақтарына арнап  Ауған соғысы туралыи өлеңдер оқып,  ән айтты. Кеш соңында Ауған соғысының  ардагерлері жастарға өз  игі тілектерін арнады. Айта кету керек,  осы жылы Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шыққанына 30 жыл толады.  Осы ұрыс қимылына 22000  қазақстандық қатысып,  20 адам хабар-ошарсыз кетті.  Осыған орай Алматы  қаласында "Ерлік  сабағы" барлық оқу орындарында шеру,  мемориалдарға гүл шоқтарын қою рәсімдері өткізілуде. Соғыстан қайтпаған  жауынгерлерді еске алуға  олардың аналары мен туысқандары қатысты.

                          Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз  қызметі

Пікірлер