"Қазақ тілін пысқырмай отыр": Алматы тұрғыны сотының қазақ тілінде өтуін талап етеді

2550
Adyrna.kz Telegram

Алматы тұрғыны Сәрсен Төлентаев сотының қазақ тілінде өтуін талап етіп,  өтініш жариялаған. Алайда, оның өтінішін сот қанағаттандырғанымен, орандамаған көрінеді. Бұл туралы Сәрсен Төлентаев "Адырна" ұлттық порталына айтып берді.

"Қазіргі таңда Алматы гарнизонының судьясы Рахметова Зарина ханым маған қатысты қылмыстық істі қарауда.

Сот отырысы басталған а.ж. 6 қаңтары күні мен сотталушы ретінде сот отырысы қазақ тілінде жүргізілсін деген өтініш жариялаған болатынмын және осы өтінішімді сот қанағаттандырған болатын, осы сұраққа қатысты соттың қаулысын қоса беріп отырмын.

Содан бері 24 қаңтар мен 2 ақпанда екі сот отырысы өткізілді. Сол сот отырыстарына соттың шақыруымен аудармашы ретінде Әуе қорғаныс күштері қолбасшысының офисінде аудармашы болып жұмыс жасайтын Қонаева Құралай қатыстырылған болатын. Қорғаушы тараптың сұрақтарына аудармашы Қонаева Қазақ мемлекеттіәк қыздар институтын қазақ тілін дамыту мамандығы бойынша аяқтағанын айтқан болатын, яғни ол кісі мамандығы бойынша кәсіби аудармашы емес болып шықты.

Сот отырысында Құралай қарындасым заң саласына, қылмыстық процеске қатысты сұрақтар бойынша және сотта сөйлеген тараптардың уәждеріне толыққанды аударма жасауға біліктілігі жетіспейтінін өзі де мойындады. Осыған қатысты судья Рахметова аталған аудармашы әрі қарай сотқа қатыстырылмайды деген шешім қабылдады", деді Сәрсен Төлентаев.

Сондай-ақ, судья жәбіленуші тараптың сот орыс тілінде өтсін деген өтінішін қанағаттандырған. Оған себеп, судья Рахметова қазақ тіліне шорқақ екен.

“Аудармашы түгіл судья Рахметованың өзі қазақ тіліне шорқақ екенін айқын көрдік, оның дәлелі ретінде сот отырысының аудио-бейнежазбаларын ұсына аламын. 24.01 мен 02.02 күндергі сот отырыстарында судья Рахметова қазақ тілін білмегендіге қатысты әбден титықтады және бұдан қалай құтыламын деген айдармен 13.02.23ж. жәбірлешінің сот отырысы орыс тілінде жалғастырылсын деген өтінішін қанағаттандырып, осы жайлы сот қаулысын шығарды, ол қаулыны да қоса беріп отырмын.

Осылайша судья Рахметова Қазақстан Республикасының Атазаңы мен тіл туралы заңын пысқырмай отыр десем артық айтқан болмаспын. Бұндай судьяға не деуге болады? Судьялардың қазақ тілін білуі заң талабы емес пе?

Осыған қатысты БАҚ-рын а.ж. 1 наурызы күні сағат 10-00-ға белгіленген сот отырысына келіп қатысуға шақыраманын. Келіңіздер! Сот ашық. Жаңа Қазақстанның соты қалай өтетінін көріңіздер!

Қазақстан халқына арналған Жолдауында Президентіміз: «Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі» деп еді ғой, осыны судьялар қалай орындап жатқанын естіңіздер! Бұған қоса – іштеріңізде аудармашы болуға білімі мен біліктілігі жеткілікті адамдар болса маған аудармашы қызметін көрсетуге атсалысыңыздаршы, өкінішке орай сот шақырған аудармашыларға сенім аз болып тұр", деп күйінді Сәрсен Төлентаев.

 

 

Пікірлер