Әке – Отбасының тірегі

8029
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Әкелер форумы өтті. Бұл іс-шараға 100-ден астам әкелер қатысты.

Ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік, балалардың эмоционалдық тәрбиесіндегі ерлердің рөлі, өмірлік дағдылар тақырыптары талқыланды.

Қатысушылардың пікірінше, әлемде «саналы әкелік» жаңа тенденция пайда болуда.

Бұл күні түрлі сала мен мамандық иелері бір сұхбат алаңында бас қосып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Педагог-психологтар мен куратор-ұйымдастырушылар мәселелерді шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Әке баласы үшін - үлгі. Бала ең алдымен өз ата-анасының үлгісінен өмірдің құрылымы туралы нақты қорытынды жасайды. Әрине, ұл үшін әке өнегесі мінез-құлқы мен болашақ өмірлік ұстанымын қалыптастыруға үлгі болса, ана болса қызына үлгі болуы керек, - дейді 8 - сынып оқушысы Аяла Акимжанованың әкесі Нұрым Акимжанов.

Педагогикалық жағдаяттарды шешу, сонымен қатар «Жағымсыз эмоцияларды басқару технологиясы» сияқты практикалық жаттығулар әкелердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Әкелер үшін шахмат, оқ ату, бейнелеу өнері, үстел теннисі, баскетболдан шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.

 Форум өте қызықты өтті. Шынында да, біз құнды ақпарат ала алдық, нақты өмірлік жағдайларды талдап, шешімдерді бірге таптық. 21 ғасыр әкесі – отағасы ғана емес, ақылшы, тәрбиеші екеніне көзім жетті, – деп әңгімесін ата-ана Асқар Дүйсенбиев түйіндеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер