Ақтау әкіміне 172 мың теңге айыппұл салынды

2021
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновқа айыппұл салынды. Ол бұрын заңды күшіне енген сот шешімін орындамаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ЖШС-нің Ақтау қаласы әкіміне берген талабын қанағаттандырған. Сот Ақтау әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуын ЖШС-нің біріне заңсыз деп таныған және қала әкіміне бір ай ішінде ЖШС пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеген. Алайда сот шешімі сот көрсеткен мерзімде орындалмады.

«Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады. Нәтижесінде, сот ұйғарымымен Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған. Әкім ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек. Әйтпесе, ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта қолданылатын болады», - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Пікірлер