Екібастұзда жылу мен су беруде тағы мәселе туындады

3561
Adyrna.kz Telegram

Екібастұз жылу электр орталығында қалаға беретін судың температурасы түсіп кетті. Бұл туралы «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС мәлімедеді, деп хабарлайды, “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәлімет бойынша, 4 наурыз күнгі сағат 21:00-де 9,2/2.0 кг/см2 қысымы жағдайында ЖЭО-дан шығатын су температурасы 46 градусты құрады.

«Станцияда төрт қазандық: №6, 9, 14, 15 қазандықтары жұмыс істеп тұр. Алдағы тәулікте №5 және №11 қазандықтарды да іске қосу жоспарлануда. Бұл температураны 65 градустан асыруға мүмкіндік береді», - деді кәсіпорында.

Дүйсенбі күні жөндеу жұмыстары аяқталған соң №12 қазандықты да іске қосу жоспарланған. Станция қызметкерлері жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде.

Айта кетейік, ЖЭО-дан шығатын (берілетін) желілік судың температурасы 65-70 градус болса, оңтайлы температура саналады.

Еске салайық, 18 ақпан күні түнде Екібастұз ЖЭО-да су жылыту бөлігінің жылу желісін беру коллекторы зақымданды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер