Дулат Исабековтен кейін белгілі жазушы Нұржекеев «Ауылға» дауыс беруге шақырды

9906
Adyrna.kz Telegram

Жазушы Бексұлтан Нұржекеев «Ауыл» партиясын қолдайтынын айтып, ауыл әкімдерін партияға дауыс беруге шақырды. 

«Қазір мемлекетімізде үлкен саяси жұмыс жүріп жатыр. Ол – Парламентке депутаттарды сайлау. Қазіргі таңда ауылда көп проблема шешілмей жатыр. Олардың қатарында тіл мәселесі, ауыз су, жайылым, мал сату, жайлау, қыстау, көктеу, күзеу де бар. Оны шешу үшін мемлекеттің жоғарыдан төменге дейін адамы ауылдың жағдайын білуі керек. Парламентте ауылдың проблемасын білетін адамдар отыруы тиіс. Ауыл және аудан әкімдері басқа партияда емес, нақты жұмыс істейтін «Ауыл» партиясында болғаны дұрыс және сайлауда сол партияға дауыс беруі керек», – деді жазушы.

Атап өтейік, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылдық елдімекендер инфрақұрылымын қалпына келтіру және дамыту мәселелерінде кешенді және жүйелі тәсілді қолдану, ауылдық елдімекендерді газдандыруды ұлғайту және оларды жоғары сапалы интернетпен қамту мәселелері қамтылған. Ауылды дамытуды көздейтін партия Мәжіліске өткен жағдайда ауыл мен қала арасындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының қызметтері сапасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартуды қолға алады. ​

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от «АУЫЛ» партиясы (@auyl_partiasy)

<

 

Тапсырыс беруші: «Ауыл» ХДПП;

«Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Пікірлер