Қытайдағы этникалық қазақтар Джеки Чанға шапан жауып, қазақша ән шырқатты

2776
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желілерді Қазақ дәстүрі мен ұлттық құндылықтарымыздың кереметі шарлап кетті. Аты аңызға айналған гонконгтық актер, каскадер, режиссер, продюсер, сценарист және экшн-режиссер Джеки Чанға Қытайдағы қандастарымыз шапан жапты. Халық әнін шырқап, қазақы дәстүрді таныстырды. Кадрда танымал актер "Ақ шашу" әніне қосылып ән салып, билеген, деп хабарлайды 
"Адырна" ұлттық порталы. 

"Qazaqstan 24/7" Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Джеки Чан фильмді түсіру үшін Іле-Қазақ автономиялық округіне барған.

"Жергілікті қазақтар актерды қарсы алып, шапан жауып, ат мінгізді", - делінген хабарламада.

Qumash_kz Instagram паблигінің жазылушылары Джеки Чанның мұндай видеосына баға берді:

  • «Өте сүйкімді»,
  • «Жаным, Джеки»
  • «Жәке Чанбаев»,
  • «Джеки енді Жәке»
  • «Ең құрметті Қытай азаматы»,
  • «Ақ шашу» екенін түсініп тұрмын, бірақ қытайша әнді тыңдап тұрғандаймын»,
  • «Қазақтардың ең маңызды миссиясының бірі – бүкіл әлемге шапан жабу»,
  • «Адамның 75%-ы судан тұрса, Джеки шкафының 99%-ы - шапан».
Еске сала кетейік, Қытайда 1,5 миллионға жуық этникалық қазақ тұрады. Олардың қазіргі Қытайдағы жай-күйі жайлы еш айтылмайды. Мұндағы елдің тілегі, қандастардың атажұртына орылып, ел арасына сіңіскені.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер