"Қатерлі ісікке шалдығып, арбаға таңылды" деген Болат Назарбаев сап-сау болып шықты (ВИДЕО)

2976
Adyrna.kz Telegram

"Қатерлі ісікке шалдығып, арбаға таңылды" деген Болат Назарбаевтың тұсаукесер рәсіміне қатысқан видеосы тарап, желіні шулатты. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Видеоны әлеуметтік желіге gulbanu1991 есімді TikTok қолданушысы жариялап, кейін өшіріп тастаған. Бейнежазбадан Болат Назарбаевтың 1 жасар қыз баланың тұсауын кесіп, қолынан жетектеп жатқанын аңғаруымызға болады.

– Шамасы, Болат Назарбаев «өлім дертінен» айығып кеткенге ұқсайды. Кейбір telegram-арналар экс-Елбасының інісінің денсаулығын осылай сипаттап жатыр. Ол тұсаукесер рәсіміне қуана қатысып жүр" – деп жазды Elmedia.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын шілде айында Болат Назарбаевтың туысқандары Экспресс-К басылымына эксклюзив сұхбат беріп, әкелерінің "қатерлі ісікке" шалдығып, арбаға таңылғанын жеткізген еді. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер