Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды

2193
Adyrna.kz Telegram

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліспекшімін. Астана шахмат Федерациясының құрметті президенті болып сайландым. Оған себепкер, шахматқа жанашыр, қолдаушы Астана қалалық федерация Президенті Абзал Сағымбаев мырзаға РАХМЕТ айтқым келеді. Абзал Екрамбекұлының ұсынысымен Федерация құрылтайшылары мен атқару комитетінің қызметкерлері бір ауыздан қолдады. Осы мақсатта мен шахматты одан әрі насихаттап, дамытуға маған білдірген сенімдеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамын. ФИДЕ спорт комиссиясында тәжірибесі бар ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде өз білімім мен энергиямды барымша шахматтың көркеюіне жұмсаймын. Шахмат жұртшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Сондай-ақ, Абзал Екрамбекұлымен бірлесе жұмыс жасаса Астана шахмат Федерациясы одан да белсенді әрі беделі биік болатынына сенемін. Алда өршіл мақсаттар тұр. Көп жұмыс, сәттілік тілеймін",- Динара Сәдуақасова.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер