Алматы облысында үш жасөспірім 49 жастағы ер адамды аяусыз соққыға жыққан

2074
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

7 наурызда түнде Есік қаласының ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен 49 жастағы ер адам жеткізілген. Жәбірленуші Тау Түрген ауылының тұрғыны.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясының қатысуымен криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салды деген күдікпен 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмағанды анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұсталғандар 6 наурызда сағат 2:00 шамасында Түрген ауылында белгісіз ересек адамға дене жарақатын салғанын мойындады", - деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

"Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер