Тоқаев әскери полиция органдары туралы екі заңға қол қойды

2250
Adyrna.kz Telegram

14 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Заң әскери полицияның қызметін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, әскери полиция органдарының міндеттерін, құзыреттерін, құрылымын, өкілеттіктерін анықтау, сондай-ақ іске асырылған функцияларды заңнамалық бекіту бөлігінде өзгерістер қарастырылған.

Сонымен қатар заң әскери полиция органдарының құқық қорғау органдарына тиесілігі мен бағыну тәртібін, сондай-ақ олардың бір-бірімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін реттейді.

Жаңа заң күшіне енгеннен кейін 2005 жылғы ескі заң күшін жояды.

Сондай-ақ Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери полиция органдары және қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Пікірлер