Шавкат Рахмонов спортты қолдау қорынан қаржыландырылады - Асхат Оралов

2313
Adyrna.kz Telegram

"Шавкат Рахмонов спортты қолдау қорынан қаржыландырылады". Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің facebook парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі-Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді. Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады. Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін",- деп жазды министр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер