Арайлым Назарова сайлаушыларына үндеу жасады

2323
Adyrna.kz Telegram

«Тәуелсіз бақылаушылар» ұйымын басқарып, сайлаудың әділ өтуіне атсалысқан Арайлым Назарова мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша сынға түсіп жатыр. Нақтырақ айтсақ ол Алматы қаласының №4 сайлау округынан мәжіліс депутаттығына үміткер.

Арайлым Назарова өз үндеуінде халыққа үйіп-төгіп уәде бермейтінін, тек әр азаматқа қолжетімді депутат болатынын айтты.

«Құрметті сайлаушы, Сіздің көкейіңіздегі сұраққа мен де жауап іздеп келемін, демек біздің проблемамыз ортақ... Ол ең әуелі – әділетсіздік, жемқорлықтың құрсауындағы жүйе.

Менің сайлау алды бағдарламам деп үйіп-төгіп жақсы сөздерді жаудырғым келмейді, алдағым келмейді. Сайлауалды бағдарламамды біздің Парламенттің құзіретіне жатпайтын дүниелерді жүзеге асырамын деп әдемі уәделерге толтырғым да келмейді.

Бір нәрсе ғана уәде ете аламын. Ол - Сіздің қолыңыз жете алатын, Сіз хабарласа алатын депутат болу. Мақсатым: әр заң жобасына қатысты Сіздің пікіріңізді сол мінберге жеткізу, әр талқылауда халықтың мүддесін бірінші орынға қою, әр азаматтың пайдасына шешілетін жобалармен айналысу.  Мен де дәл Сіздей:

  • Таза әрі әділетті сайлауды;
  • Құзіреті кең Парламентті;
  • Әділетті Сот жүйесін;
  • Жемқорлық үшін жазаны күшейтуді;
  • Лайықты әлеуметтік көмекті;
  • Зейнетақы жасының төмендеуін;
  • Несие пайызының төмендігін;
  • Мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс жүзеге асуын және бұл бағдарламаға жауапты тұлғалардың заң алдында қатаң жауап беруін;
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп тануды;
  • Сапалы ем алатын медицинаны;
  • Құқығымды қорғайтын ішкі істер органын;
  • Жоғары деңгейдегі білім жүйесін;
  • Әр қазақстандықтың бай мемлекетте лайықты өмір сүруін қалайтын Қазақтың бір қызымын.

Дауысыңызды маған бергеніңіз өзіңізге берген дауысым деп біліңіз.

Сіздер тек менің сайлаушым емес, біз бір команда мүшесі ретінде жұмыс істейік.

Сіздің Парламенттегі сенімді өкіліңіз болуға дайынмын!», – дейді кандидат.

Елімізде алдағы жексенбі, яғни 19 наурыз күні мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Биылғы сайлаудың мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өтіп жатыр.

Материал сайлау қорынан төленді

Пікірлер