Атырауда 6 жасар бала суға батып кетті

1536
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысында 6 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға
Бірлік ауылында кешкі уақытта болған.

«Ағайынды екі бала су каналының жанында ойнап жүрген. Бір кезде 6 жасар бала суға құлап кеткен. 9 жасар ағасы оны құтқаруға тырысқан. Алайда бұл мүмкін болмады. Қазіргі таңда екінші бала ауруханда жатыр. Жағдайы бірқалыпты»,—деді басқарма.

Пікірлер