Мереке аясында балалар ашық аспан астында тарихи фильмдерді тамашалады

428
Adyrna.kz Telegram

Тарихқа тағзым күніне орай, «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің ұйымдастыруымен «Тарихқа тағзым!» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінен бастау алып, Арбат алаңы, Rixos Khadisha қонақ үйінде, «Мұз» сарайы, «Абай» саябағында жалғасын тапты. Мерекеге №2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығының бүлдіршіндері, мектеп оқушылары және студенттер қатысты.

— Іс-шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының көне тарихынан сыр шертіп, кешенге келушілерге, қала қонақтары мен тұрғындарына ата-бабадан қалған құнды тарих мен салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпын тарихи бейне фильмдер арқылы насихаттап, түрлі бағдарламалар арқылы халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау. Осы іс-шараға Skat әуекомпаниясы, «Айжамал» киім салоны және «Айжамал» тәттілері демеушілік жасады,- дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешеннің маманы Әйгерім Саудабаева.

№2 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қорғау орталығының бүлдіршіндеріне «Шымкент плаза» сауда орталығының Wok wok мейрамханасы тағамдар мен тәттілерін ұсынды. Сондай-ақ, балалар PLAY PARK ойын алаңына, «Қиял әлемі» саябағына саяхаттап, Арбат алаңында Led экран арқылы тарихи мульфильмдерді тамашалады.

 

Пікірлер