Отбасы құндылықтары және қоғам

1876
Adyrna.kz Telegram

Қазақ қазақ болғалы отбасылық құндылықтарды дәріптеуді күн тәртібінен түсірген емес. «Отан – отбасынан басталады» деген тәмсілге сүйенсек отбасы іргелі мемлекет болудың алғышарты ретінде алдыңғы орында жүреді.

Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісі кешегі Кеңестік Социалистік республикалар одағы шағында да қатардан қалыс қалмаған. Сол кездерде педагог Антон Макаренко айтқан «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді» дәл осы сөз әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Қалай алып қарағанда да отбасы барлық бастаманың бастау бұлағына ұқсайды. Қазақстанда талай жылдан бері «Мерейлі отбасы», «Бақытты отбасы» сынды әлеуметтік, маңызға ие жобалар үздіксіз іске асырылып келеді.

Арнайы байқаулар ұйымдастырылып отбасылар жақсы жағынан бір-бірімен сынға түседі. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие фактор. Өйткені, осындай үлгілі істерді көріп, түйсігімен түсініп өскен жастар толқыны қоғамға жаңа леп алып келеді десек артық емес.

Ең бастысы, бұндай жобаларға мемлекеттік саясат, онымен қоймай, мемлекет басшысының тікелей өзі қолдау көрсететіні мерейімізді тасытпаса, жасытпайтыны айдан анық.Өткен жылы өткен «Мерейлі отбасы» отбасылық байқауының қарсаңында Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы сөз арнағаны сол кездегі үлгілі отбасылардан бастап бәрінің жүрегіне жылылық құйған еді.

Сол жиында «Мерейлі отбасы» байқауы жеңіпаздарын марапаттау рәсіміне қатысушыларға шын жүректен сәлем жолдаймын! Бұл отбасы институтының және отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұлтымыздың әлеуетін арттыруға орасан зор үлес қосып келе жатқан бірегей жоба. Жыл сайын өткізілетін байқау шаңырағы шаттықа бөленіп, берекелі бірлік пен татулыққа ұйыған өнегелі отбасылар күллі елге танытады. Мұндай үлгілі әулеттер елімізде аз емес, өте көп. Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әрбір азаматтың адамгершілік болмысын қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы қуаттың елдің тірегі. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды. Байқаудың жеңіпаздарын құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке тілеймін, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Расымен де Президентіміз атап өткендей, «Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әке мен шешенің, ата мен әженің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналса оның игілігін өзі ғана емес қоғам да көріп, жақсы бағытқа бетбұрыс болар еді. Сондықтан, алдағы уақытта отбаслық құндылықтарды дәріптеуге арналған мемлекеттік бағдарламалар көбейтілсе нұр үстіне нұр болар еді. «Отбасы құндылықтары және қоғам» атты тақырыптың жүгі бір мақаламен жеңілдемесі анық. Әйтсе де, біздің мақсат тиісті құлаққа жеткізу болды.

Пікірлер