«Алатау серілері» тобы «QAZAQ» атты әніне түсірілген бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды

2836
Adyrna.kz Telegram

Заман талабына сай  дәстүрлі өнерді талғаммен ұсынып жүрген өнерпаздар аз емес. Бұл ретте міндетті түрде « ALATAU SERILERI» тобының жігіттерін айта кеткен жөн. Себебі өзгеде әлемдік ареналарға шығып жүрген этно топ халық арасында үлкен құрметке ие болып келеді.

«Алатау серілері» тобы «QAZAQ» атты әніне түсірілген бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды.

Бейнебаянды қазақстандық режиссер Бағдат Қожахметов түсірген. Ал, бас оператор - Шерхан Таңсықбаев.

Демеушілік көрсеткен «QIAL» cinema компаниясы. Сондай-ақ, NOMAD STUNTS каскадерлық тобы бейнебаянға түсіп, “Tarbiya brand” сән-үйінің басшысыТәрбия Айдынбаева және Асхат Мекебай қолдау білдірді.

Жігіттердің айтуы бойынша, түсірілім алаңында 150 жуық адам еңбек еткен.

Бұл туындысымен топ еліміздің шоу бизнесіне, эстрадасына қазақ ән өнерін дәріптеп жүрген дәстүрлі әншілер ретінде өте батыл қадам жасады деп есептейміз!

Қазақтың өнерін қасиет тұтып жүрген жігіттер бұл бейнебаянда табандары тілінседе, жер мен ел үшін жанын беруге дайын болған, толарсақтан саз кешкен батырларымыздың ерлігін бейнелеп көрсетіп, әуенге заманауи үн қосқан.

Қайталанбас ерекше стилімен, қоңыр дауысымен, рухты әндерімен танылған бұл топтың әрбір әні мен бейнебаяны қазақ халқының рухын, сана-жігерін оятатыны сөзсіз.

Ал,бейнебаянның толық нұсқасын топтың ресми YouTube арнасынан тамашалай аласыздар!

Ұлттың ғана емес, сонымен бірге қоғамның рухани баюына әсер ететін ғажап туынды шыққан секілді...

Ал, Алатауллық серілерді құттықтай отыра, іске сәт дейміз!

 

Пікірлер