Желіде дизель тапшылығына наразылардың жолды жапқан видеосы тарады. Оған “Қазавтожол” жауап берді

2032
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде дизель тапшылығына наразылардың жолды жапқан видеосы тарады. «Қазавтожол» бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Республикалық маңызы бар Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас тас жолының 33-шақырымында дизель отынының қымбаттауын талқылауға 20-25 адам мен жүк көлігі жүргізушілерінен 10-ға жуық техника жиналды. Қазіргі таңда қозғалыс толығымен қалыпты режимде жүргізіліп жатыр. Ешқандай шектеулер жоқ»,—деді компанияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов 12 сәуірден бастап елімізде бензин (АИ-92 және АИ-93) мен дизель отынының бағасы көтерілетінін айтқан еді. Орташа көрсеткіш бойынша АИ-92 жанармайының бағасы литріне 6-7 теңгеге, ал дизель отыны 12-14 теңгеге өседі.

Алматыда дизель тапшылығы 3 сәуірден бастап сезіліп жатыр. Кейбір жанар-жағармай бекеті оны тек талонмен беруде.

Пікірлер