Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады

1671
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Отандық ғылымды дамыту үшін Үкімет жүйелі іс-шараларды қабылдауда. Ғалымдармен және сарапшылармен бірлесіп, біз жоғары білім және ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасын әзірлеп бекіттік, жақында. Оның аясында ғалымдардың санын 1,5 есеге ұлғайту, ғылыми институттарды дамыту, ғылыми-зерттеулерді коммерцияландыру, жастарды ғылымға тарту және университет ғылымын дамыту көзделеді», - деді Әлихан Смайылов.

Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылымды қаржыландыру 2020 жылғы 89 миллиард теңгеден биыл оның көлемі 160 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. 2025 жылға қарай қаржыландыру көлемін 240 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Өткен жылы ғалымдардың жалақысы екі есе өсті. Биыл 20 пайызға көбейді, алдағы жылдары жыл сайын 20 пайызға артады.

Пікірлер