Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикуллинге ескерткіш тақта орнатылды

2079
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы құтқарушылар саябағында ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арналған естелік тақта орнатылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Асқардың батыл, сауатты әрекеттерінің арқасында адам өмірі сақталды. Қызметтік борышын орындау және адамдар өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен өз ісіне берілгендігі үшін, азаматтық қорғау капитаны Асқар Серікұлы Забикулин Қазақстан Республикасының «І дәрежелі Айбын» мемлекеттік наградасымен марапатталды. Ол өз ісінің маманы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады»,—деді басқарманың баспасөз қызметі.


Еске сала кетейік, Асқар Серікұлы Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалған еді. Денесінің 80%-ын күйік шалған өрт сөндіруші ауыр жағдайда аурухана түсіп, қайтыс болды.

Пікірлер