Қарағанды. Эскалатордағы адамды теуіп құлатты деген күдікті психиатриялық есепте тұрған

2244
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды қаласында баспалдақтан "ұшып түскен" тұрғынның видеосы тарады. "Сити Мол" сауда үйіндегі эскалатордан бейқам түсіп бара жатқан азаматтың жон арқасынан бейтаныс адам еш себепсіз тепкен. Видеодан оның соққы екпінінен ұшып түсіп, құлағанын көруге болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сауда үйіндегі болған оғаш жағдайға қатысты видео Instagram-ды шарлап кетті. Karaganda.city парақшасында жарияланған видео "кейіпкерлері" табылып, күдіктінің қолға түскені де хабарланды. Полицейлердің айтуынша, мұндай әрекетке барған адам психияторлық есепте тұрған.

"25 жастағы Қарағанды тұрғынына дене жарақаттарын келтіру дерегіне байланысты ҚР ҚК 293-бабы 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Полиция қызметкерлері бұрын психиатриялық есепте тұрған 31 жастағы азаматты ұстады. Ол облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деп хабарлады полиция.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер