Мәжілістің жаңа депуттаттары халықтың мәселелерін көтереді деп сенемін – Талғат Қалиев

2269
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының басшысы Талғат Қалиев Мәжілістің құрамына көңілі толатынын «Адырна» ұлттық порталын айтып берді.

Айтуынша, қазіргі Мәжілістің құрамы 80-90% жаңадепуттардан тұрады. Олардың әлі жұмысын көрмесе де, жаңа құрамға көңілі толатынын да жасырмады.

«Жаңа мәжілістің структурасын қоғамдық кеңес арқылы қабылдаған болатынбыз. Бірталай пікір алмасып, аралас можаритарлық, пропорционалдық системамен сайланады деген шешімге келіп едік. Президент Тоқаев шешімін жариялаған еді. Сондықтан жалпы мәжілістің құрамы мені қанағаттандырады. Сайлау өткен сон, нәтижесін қарағанда жастар көп болды. Ол жастар мен әйел адамдардың көбі квота арқылы келді. Өйткені, 30% әр партиядан квота арқылы жастар мен әйел адамдарға, мүгедектерге қарастырылған. Сондықтан қазір қарасақ, мәжілісте жастар,әйел адамдар көп, мүгедектер де бар. Әр партия тізімін жаңартып, депутаттардың 80-90%-ы жаңадан келген депутаттар болып отыр», - деді ол. 

Сондай-ақ, Талғат Қалиев депутаттардан көп үміт күтетінін айтты.

«Қазір мәжіліске көңілім тола ма деп айтуға болмайды. Өйткені ол депутаттардың сапасын біз әлі көрмедік. Жұмысына кіріскені кеше ғана. Бірақ, депутаттардың тізімі жаңартылғалы көңілім толып отыр. Жаңа мәжілістен мен не күтуім мүмкін? Бірден алты партия болған сон, әртүрлі пікірлер пайда болады деп ойлаймын. Көтерген сұрақтары өте өткір, актуальды сұрақтар болады деп сенемін. Бір мандапты депутаттарсайлаушыларға тікелей уәде берген,тапсырыс жинаған. Олардың сайлаушылардың алдында міндеті ерекше. Олар бірталай сұрақтарды көтереді деп ойлаймын. Партияның депутаттары микрофонға таласып, олар да бір өткір сұрақтарды көтеруді бастайды. Алты партия болған соң олардың арасында пікірталас та орын алады. Өйткені мәжіліске өткен партия бүгінгі сайлаудан 5-6% алып отырса, келесі сайлауда 20-50% дейін өсіп кетуі мүмкін. Парламент арқылы өз-өзін дамыта береді. Парламентте бүкіл халықтың қызығып тұрған сұрақтары көтеріледі деп үміттенемін.

Әр мемлекетте сайлауға қанағаттанбаған үміткерлер болады. Олар әрқашан сайлау әділ өткен жоқ деп айта береді. Өйткені, Америкадан да  байқауға болады. Сондықтан жаңа депутаттарға мүмкіндік беріп, нәтижесін күтейік,» - деді Талғат Қалиев.

Пікірлер