Ақтөбеде үй өртеніп, екі бала қаза тапты

1645
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, 4 және 10 жастағы екі бала қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта болған.

«112» құтқару қызметіне Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр»,—деді облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Пікірлер