Наурыз мерекесі “Zaman” мектебінде заманауи үлгіде тойланды

2082
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы заманға сай үлгіде салынған қазақ элиталы «Zaman» мектебі Ораза айт мерекесі қарсаңында Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейрамын биыл ерекше үлгіде атап өтті. Шығыс халықтарының бар болмысын айшықтайтын Наурыз мерекесі – тіршіліктің жаңарып, табиғаттың жасаратын, адамзаттың жаңашылдыққа ұмтылатын мерейлі мезгілі. Тарихы тереңде жатқан бұл мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа бөлейтіні сөзсіз.

Наурыз мейрамы – ерте заманнан түркі тілдес халықтары арасында кеңінен тойланып, заманына сай жаңарып, жаңғырып келе жатқан ұлттық мереке.
Атадан балаға мирас болған ұлттық мейрамды насихаттау мен дәріптеу мақсатында “Zaman” мектебінің оқуышларына арнайы 4 киіз үй тігіліп, алтыбақандар мен қолөнер шеберлерінің сәндік қолданбалы өнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.


Салтанатты мерекелік іс-шара ел ағалары мен ел аналарының ақ тілегімен бастау алды.
Мереке барысында қыз балалар үшін бауырсақ пісіру, құрақ құрау, кесте тігу шеберліктері өткізілсе, ал ер балалар үшін асық ату, арқан тарту, гір көтеру секілді ұлттық спорт ойындарынан жарыс ұйымдастырылып, тақырыптық сахналық көріністер мен концерт қойылды.
Меркелік жиынға қатысқан қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылдың берекелі болуын тілеп тарқасты.

Пікірлер