Назарбаев кланының қаражатын жасыруға көмектесіп жатқандар бар. Ермұрат Бапи

2435
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ескерту жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оның пікірінше, егер бірен-сараң бірдеңе істеліп жатса, бұл қоғамнан құпия түрде жасалып жатыр.

“Сіздер «ескі Қазақстанды» билеген әулет пен оның жақындары бақылаған кеден бекеттерінде арнайы астыртын салық режимін қамтамасыз еттіңіздер! Енді бұлай болмайды. Біз халықтың көмегімен сіздерді жіті бақылаймыз. Бұл мәселеде біз президенттің бастамасымен одақтаспыз немесе бұл істе президент бізге – депутаттарға толықтай арқа сүйей алады. Дегенмен ескі кадрлардың саботажы ма, жоқ әлде ұлттық-экономикалық мүддеге қарсы жасалып отырған қастандық па – капиталды қайтару ісінде түсініксіз кібіртік көп”, - деді ол.

Пікірлер