Күдебаевты кім әкелді? Бас прокуратура өзі келгенін жоққа шығарды

3098
Adyrna.kz Telegram

Бас прокуратура Серік Күдебаевтың өз еркімен Қазақстанға келгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы С.М.Күдебаевтың Қазақстанға өз еркімен оралғаны туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін генерал Күдебаевтың ұлы әкесінің елге өз еркімен келгенін айтқан еді.

Пікірлер