Алматы облысында ардагерлер мен ерекше қажеттілігі бар адамдарға материалдық көмек төлеу жоспарлануда

1052
Adyrna.kz Telegram
mir24.tv
mir24.tv

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру аясында «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда әр аудан, қалада әлеуметтік көмек көрсетудің бірыңғай тәртібі анықталған және облыс аумағында әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің бірыңғай тізбелері қарастырылған.

Алматы облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында келесі санаттар бойынша жергілікті бюджеттен 222,7 млн. теңге сомасына біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарлануда:

- Ұлы Отан соғысының 10 қатысушылары мен мүгедектеріне 1500,0 мың теңгеден, 15000,0 мың теңге;

  • бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты мүгедек болған 137әскери қызметшілерге – 100 000 мың теңгеден, 13700,0 мың теңге;
  • қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып қалған бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының 7 адамға – 100 000 мың теңгеден, 700,0 мың теңге;
  • Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған 3 азаматқа 60 000 мың теңгеден, 180,0 мың теңге
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған 4 тұтқынына– 100 000 мың теңгеден, 400,0 мың теңге;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған 3591 адамға 30 000 теңгеден 107730,0 мың теңге.
  • Тәжік-Ауған учаскесінде тапсырмаларды орындаған ҚР 412 әскери қызметшілеріне 150 000 мың теңгеден, 61800,0 мың теңге;
  • Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан ҚР 64 әскери қызметшілеріне 150 000 мың теңгеден, 9600,0 мың теңге;
  • Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілік ретінде қатысқан ҚР 91 әскери қызметшілеріне 150 000 мың теңгеден, 13650,0 мың теңге;

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша10Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерінің ақысына өтемақы төлеуге, (оның ішінде жылыту, ыстық және суық су, газ бен электр тоғы) ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізіледі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер қажеттіліктеріне қарай есту аппараттары, санаторлық-курорттық жолдамалар, қоларбалар, таяқшалар, протездік-ортопедиялық бұйымдар сияқты түрлі техникалық қосалқы және көмекші, гигиеналық құралдармен бірінші кезекте қамтылады.

Пікірлер