Ағылшын-саксондар мен сақтардың ара-жігі

10435
Adyrna.kz Telegram

Өткен аптада профессор Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен». (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабынан «Байырғы скандинавиялық викингдер жөнінде әлемде қалыптасқан гипотезалық пайымдар» бөлімі оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бүгін «Ағылшын-саксондар мен сақтардың  ара жігі» бөлімі ұсынылып отыр. Бірге оқиық. Бірге талқылайық!

Ағылшын-саксондықтардың арғы тегі сақтардан тараған деген тұжырым біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлерде қалыптасқанын дәлелдейтін дәйекті тарихи дерек көздері баршылық. Мәселен, кезінде сақтар Каспий бойынан шығысқа қарай жылжып, тек Бактрия аумағына ғана емес, сонымен қатар батыста жатқан Кавказдың өте шұрайлы Карабах аймағына да қоныстанғаны туралы б.з. бұрынғы 63-жыл мен 24-жылдары аралығында өмір сүрген гректің атақты тарихшысы әрі географы Страбон жазып кеткен-ді. Ғалым келтірген деректерге қарағанда, кезінде әлгі аймақ Сакасина (Sаkаsіnа) деп аталған. Ал біздің заманымыздың 23-79 жылдары өмір сүрген Римнің көрнекті жазушысы әрі ғұлама
тарихшысы Плинийдің пайымдауынша, жоғарыда сөз болған әлгі аймаққа қоныстанған сақтар Сакассани (Sakassani) деп аталған.

Әлгі атау Сака-суну (Saka-sunu), яғни сақтың ұлы немесе ұрпағы деген ұғымды білдірген әрі бұл этимологияны алғаш рет 1519–1572 жылдар аралығында өмір сүрген фламандық философ әрі филолог Горопиус Беканус (Goropius Becanus) ұсынған екен. Бұл тұжырымды сонымен қатар, атақты неміс теологы әрі гуманист ғалым Меланчтонмен (Melanchthon) қатар алғаш рет латын тілінде жарық көрген «Британия» атты кітаптың авторы В.Камден (William Camden – 1777–1855) де қуаттапты. Сосын, осы аталған дерек көздерін негізге ала отырып, британдық тарихшы-ғалым Шарон Турнер (Sharon Turner) де өзінің 1799-1805 жылдар аралығында жарыққа шығарған «Ағылшын-Саксондықтардың тарихы» (“History of the Anlo-Saxons”) атты 4 томдық шығармасында ағылшындар мен саксондықтардың арғы тегінің о баста сақтардан тарағандығына еш күмән келтірмеген. Оның үстіне, 1827 жылы жариялаған «Сақ па, парсы ма?» деген ғылыми мақаласында Шарон Турнер өз пайымының негізсіз емес екендігінің бұлтартпайтын және бір дәлелі ретінде сақтардан тамыр алатын, ағылшын-саксон және парсы тілдеріне ортақ 262 сөзді көлденең тартады. Кезінде әлгі мақаланы қазақ тіліне аударып, оны еліміздің бірнеше ақпарат көздерінде («Егемен Қазақстан», «Ана тілі» газеттерінде және «Ақиқат» журналында) жариялаған болатынбыз.

Шарон Турнердің сол мақаласының қазақ тіліндегі нұсқасын осы тұста қайта жаңғыртсақ, артық бола қоймас деген ойдамын, өйткені ағылшын-саксондықтар мен сақтардың ортақ түп тамырына терең бойлаған ғалым-тарихшылардың ішінде Шарон Турнердің алатын орны ерекше. Ендеше, осы дәйекті ескере отырып, атақты ғалымның «Сақ па, парсы ма?» атты ғылыми мақаласының толық нұсқасына назар аударалық: «Дәл қазір Корольдік әдебиет қоғамының
назарына бірден ілігіп, өзекті әңгімеге арқау бола қоймаса да, ағылшын-саксондық бабаларымыздың азиялық тегі жөнінде олардың байырғы тілдеріндегі тамырластық қарым-қатынастарды зерттеу нәтижесінде қол жеткізген кейбір тұжырымдар мен пайымдарымды оқырманға ұсынсам, мүлде елеусіз қалмас деген ойдамын. Ағылшын-саксондықтардың тарихында олардың арғы тегі о бастан-ақ сақтардан (Sакаі немесе Sасае) тараған деген тұжырым қалыптасқан. Кезінде сақтар Каспий бойынан шығысқа қарай жылжып, Бактрияға ғана емес, сонымен қатар батыста жатқан Кавказдың өте шұрайлы бөлігіне де қоныстанған. Ол замандарда, Страбонның айтуынша, әлгі аймақ Сакасина (Sаkаsіnа) деп аталса керек. Плиний әлгі аймаққа қоныстанған сақтарды Сакассани (Sakassanі) деп атаған.

Бұл атау дыбысталуы жағынан Сака-суну (Saka-sunu), яғни сақтың ұлдары немесе ұрпағы деген ұғымға саяды. Біздің ойымызша, бұл бір ұғымның екі түрлі атауы. Бұл этимологияны алғаш ұсынған Горопиус Беканус (Goropіus Becanus) екен. Атақты Меланчтон (Melanchthon) да бұл пікірді құптаған. Әдетте мұндай мәселелерге әркім-ақ күдікпен қарап, талқыға салады емес пе? Ал біздің Камден (Camden) болса, әлгі этимологияны толығымен қолдаған еді. Менің өзім де біздің арғы тегіміз жөніндегі жоғарыда айтылған пікірді ең ойға қонымды дүние деп ойлаймын. Себебі, екінші ғасырда Страбон мен Плинийден соң Птолемей де сақтардан бастау алатын скифтердің саксондар (saxones) болып аталғанын атап өткен. Демек, бұл айтылған пікірдің дұрыстығын және аталмыш саксондықтардың арғы тегінің де сақтардың ұрпақтарынан тарайтындығын дәлелдей түседі. Римдіктер кез келген сөздегі “к” деген әріптің орнына “с” деген таңбаны  пайдаланған, міне, сондықтан да біздер оларды “sасае” деп жазып жүрміз. Бірақ бұл тек роман тіліндегі “с” әріпінің қате дыбысталуы (оқылуы). Мәселен, грек тілді жазушылардың өздері де Цицеронның (Сісеrо) атын “Кіkеrоо” түрінде таңбалаған.

Демек, жоғарыда келтірілген тұжырымдар ағылшын-саксондық бабаларымыздың түпкі тектері Еуропаға Азиядан келген және оған дейін олар Каспий маңын мекендеген деген пікірге жетелейді. Жоғары мәртебелі Кеппел мырза да өзінің кейінгі кезде жасаған қызғылықты сапарлары кезінде әлгі жерлерде болып қайтқанын баяндай келіп, мына бір жәйтке тоқталады. “Аракс (Аrras) немесе Плутарх жазып кеткен Араксис (Аraxas) өзенінен өткен соң, осы өзен мен Кура (ежелгі Суrus немесе Суrnus) өзенінің ортасында Карабах (Каrabaugh) деген әдемі аймақ жатыр. Бұл – ежелгі
сақтардың (Sасае немесе Sасаssanі) елі, Плиний мен Страбон жазып кеткен скифтердің жауынгер тайпасы, яғни біздің
байырғы бабаларымыз саксондықтардың дәл өзі болуы керек”, – дейді.

Карабахтан соң Кеппел мырза Ширванға (Sһіrwan), яғни ескі замандағы Албания жеріне жол тартады. Сонымен, Аракс пен Кураның (байырғы Аrrахеs пен Суrnus) арасында жатқан шұрайлы Карабахты өзіміздің ағылшын-саксон бабаларымыздың Азиядағы мекендерінің бірі болған деп топшылауға болатын сияқты. Ал Кура өзені болса, осы аймақтағы орыстар иемденген өлкенің шеткі шебі болған. Орыстар мен парсылардың арасында болған соңғы соғыс, негізінен, осы өңірдегі сақтар (Sасае немесе Sасаssanі) мекендеген жерлердің маңынан, Кура өзенінің оңтүстігінен басталған сияқты. Ал егер орыстар иелік еткен аймақтың шебі кеңейіп кеткен болса, біздің сақ бабаларымыз да
солардың қоластына өтіп кетуі әбден мүмкін еді. Осы уақиғалар менің ойымды әлемнің осы шетіне жетелеп, бізден бұрын өткен зерттеушілердің парсы тіліндегі кейбір сөздердің саксон тіліндегі сөздерге ұқсайтынын байқағандарын есіме қайта түсірді.

Мәселен, Камден (Camden): “Керемет ғалым Джозеф Скалигер (Joseph Scalіger) бізге fader (әке), muder (шеше), brader (бауыр), tuchter (қыз), band (белдік) т.с.с. сөздер парсы тілінде күні бүгінге дейін қолданылады және олар біздің тіліміздегі father (әке), mother (шеше), brother (бауыр), daughter (қыз), band (белдік) сияқты сөздерден мағынасы жағынан айнымайды дегенді айтты”,– деген екен (Саmden’s Вrіt. Іntrod. СХХХІІІ.). Осындай жақындықтың бар екенін түсінгендіктен маған: “Егер екі тілден бір-біріне ұқсас әлгіндей бес сөз табылған болса, парсы тілі мен ағылшын-саксон тілдерін тереңірек салыстыра зерттеп, одан да көп ұқсастықтарды табуға болады ғой. Маған сосын, егер саксондықтар Азиядан тараған деген тұжырым дұрыс болатын болса, екі тілдің арасындағы басқа ұқсастықтар да көптеп табылып, олар дәлелденген жағдайда саксондықтардың арғы тегінің Азиядан тарайтындығымен бірге олардың ата-тектері Каспий теңізі өңірінен Герман мұхитына (Солтүстік теңізі немесе Атлант мұхиты болуы керек – Әділ Ахметов) дейін бірте-бірте қоныс аударған деген тұжырымды қуаттауға мүмкіндік туар еді ғой” деген ой келен-ді. Осы тақырыппен байланысты қалыптасқан осындай көзқарас мені енді бұл мәселені жедел зерттеп, екі тілдің арасындағы жақындықтың негізсіз емес екенін нақты дәлелдеу арқылы оған көзді де, көңілді де сендіруге итермеледі. Бірақ екі тілдің арасындағы ұқсастық о баста қаншалықты деңгейде болғанына қарамастан, қазір олардың бәрін дәлелдеу мүмкін бола қоймасы өзінен-өзі түсінікті. Себебі саксондықтар жоғарыда аталған байырғы қоныстарынан ауып кеткелі қазір ең кем дегенде 2000 жылдай уақыт өтті. Оның үстіне олар Азияның солтүстігімен батысқа қарай жылжи отырып, бүкіл Еуропаның
солтүстігін басып өту кезінде сан-қилы қиындықтар мен қасіреттерді бастан кешірді. “Басқа түссе баспақшыл” дегендей, Эльба өзенінің теңізге құяр сағасына жеткенше, олар тағдырдың ащысы мен тұщысын татқаны шындық. Сосын, бертінде тарих сахнасынан орын алған соғыс өрті оларды үш ғасыр бойы Рим империясына қолжаулық етті. Тіпті, одан соңыра да Британияда оларды 400 жылға созылатын және бір бодандық күтіп тұрған болатын. Бұл жоғарыда сөз болған, бізге жеткен тілдердің ұқсастығы туралы деректер жазылған заманнан көп бұрын орын алған. Осылардың бәрін ескерсек, Альфредтің заманында ағылшын-саксондытар мүлде бөлек тілде сөйлегені әбден ықтимал әрі ол кездегі тілдердің сөздік қорының көпшілігі де олардың Карабах секілді ғажайып жерде, Аракс, Кура өзендерінің бойында, Каспий төңірегінде өмір сүрген байырғы ата-бабалары қолданған, бірақ әлі жетіле қоймаған қарапайым сөздік қордан мүлде
алшақтап кеткені күмән туғызбайды.

Олай болса, соншама заманды артқа тастаған байырғы парсы тілі Кир (Суrus) мен Дарий (Darіus) патшалары билік құрған замандағы парсы тілі болудан әлдеқашан-ақ қалып қойған. Сөйтіп, соңғы мың жыл ішінде бұл тіл Шығыс әлемінің аса жетілген әрі ғұламаларының шығармашылығына негіз болған ең икемді де көркем тілге айналады. Сондықтан да, осы замандағы парсы тілі кезінде парсыларға соғыс ашып, оларды оңай тізе бүктіріп, жеңіл жеңіске қол жеткізем деп жүріп, ажалынан бұрын жан тапсырған өркөкірек Юлий Цезарь заманындағы парсы тіліне мүлде ұқсамайды. Бұл айырмашылық қазіргі ағылшын тілі мен ағылшын-саксон заманындағы сөйленген тілдің арасындағы
айырмашылықпен пара-пар.

Қазіргі парсы тілі болсын, саксон тілі болсын байырғы заманда сақтар мен парсыларды бір-бірінен бөліп тұрған өзендер мен тауларда болған шайқастар кезіндегі тілдерден мүлде өзгеше. Сондықтан, кезінде бір-біріне жақын болған уэльс, бретон, ирланд және гааль тілдерінен де бұл күнде көзге ұрып тұрған ұқсастық табу мүмкіндігі жоқтың қасы деуге болады. Ұқсастықтың мардымсыз болатын себебі саксондықтар парсылардың тікелей ұрпағы емес. Мұны дәлелдеген ешкім жоқ. Сақтар парсылармен тамырлас, бірақ олар парсылардан тікелей тарамаған. Оның үстіне олардың бір-біріне деген туыстық сезімдерінен гөрі жаулығы басымдау болған. Бірте-бірте бұл жаулық үлкен соғысқа ұласып, туыстас тайпалар бір-бірінен мүлде қол үзіп кеткен болатын. Тіпті парсылар кезінде сақтарды күтпеген жерден бас салып, оларды мүлде қырып тастауға да аз-ақ қалған болатын. Бұл қасірет тіпті атақты тарихшымыз Шерингамды (Sherіngham) бабаларымыздың жоғарыда аталған тегінен бас тартуға да итермелегені рас. Солайы солай болғанмен, ол заманда аяқ астынан жасалған кез келген оқыс шабуыл қарсыластарды өте қатты алаңдатқаны болмаса, оларды түгелдей жойып жіберуі мүмкін емес еді. Бірақ осындай дүлей уақиғадан соң сақтардың әлгі апаттан аман қалғандарын  өздерінің сол өңірдегі үйреншікті қоныстарын тастап, батысты бетке алып, қауіпсіздеу аймаққа ауа көшуге мәжбүр еткені айдан
анық.

Бұл жеңіліс оларды Қарабақты тастап шығып, Еуропаға жақындау аймақтарға қоныс аударуға итермелеуі әбден ықтимал.
Ал римдіктер немесе митридаттықтар (Міthrіdates) бастаған  соғыстар, ия болмаса басқа қиындықтар мен қақтығыстар
оларды Вислаға (Vіstula) қарай жылжуға, сөйтіп, келе-келе құрлықтың ең қиыр батысындағы мүйістер мен аралдарға бас сауғалап тығылуға мәжбүр еткен секілді. Осыған қарағанда, байырғы заманда бір-біріне тиіп тұрған көршілес елдердегі
туыстас тайпалардың көпшілігі о баста бір ағаштың діңінен тараған бұтақтар болуы ықтимал. Сондықтан парсылар да,
сақтар да, олармен көршілес тайпалар да үлкен Скиф семьясынан тараған яфеттер немесе яфеттердің ұрпақтары болуы ықтимал.

Және солай бола тұрғанмен, байырғы парсылар мен сақтар сөздік қоры мен сөздік құрамы бір-бірінен айнымайтын ортақ тілде сөйледі деуге бола қоймас. Дегенмен, олардың кейбірінің тілдері кезінде ортақ бір тілден тараған диалектілер болуы әбден мүмкін. Сондықтан олардың бәріне де қатысты ортақ сөздердің ұшырасуы ғажап емес. Ондай сөздерді біздер байырғы франко-теотиск және саксон тілдерінен күні бүгінге дейін кездестіріп жүрміз. Меніңше, мұндай ортақ сөздердің кейбір жұғын-жұрнақтары англо-саксон және парсы тілдерінде, екі ұлттың басынан өткен күллі өзгерістерге қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып жетуі мүмкін. Бірақ әлгі өзгерістердің салдарынан олар қазір байырғы тілдердің әр жерде ұшырасатын, шашырап қалған сарқыншақтары ретінде ғана танылуы мүмкін. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, егер екі ұлттың ата-тектері ертеректе бір-бірімен жапсарлас аймақта өмір сүрсе, мейлі одан бері 2000 жыл уақыт өтсе де, олардың көршілес болғанын танытатын кейбір белгілер әлгілердің тілдеріндегі ұқсастықтан көрінуге тиісті ғой. Мұндай ұқсастықты тек жұрнақ қалдықтардан табармын деген үмітпен мен ағылшын-саксон тілдерін қазіргі парсы тілімен салыстыра зерттедім. Жалпылама салыстыру нәтижесінде 162 парсы сөзінің мағына жағынан тура сондай ағылшын-саксон сөздерімен тамырлас екеніне көзім жетті. Міне, осы нәтижелерді енді жоғарыда аталған Әдебиет қоғамының назарына ұсынуды жөн көріп отырмын. Бірақ әлгі сөздердің тізімін ұсынбас бұрын тағы да бір нәрсенің басын ашып айтуды парыз санаймын. Сөздердің ұқсастығына әбден көз жеткізген соң, бұл елде кезінде парсы тілінен де ескірек тағы екі тілдің басым болғанын ескерген жөн. Олар – пехлеви (pеһlvі) және зенд (zend) тілдері. Бұлардың соңғысы – нақты жазба үлгілерді зерттеу нәтижесі көрініп отырғандай, ең байырғы тіл де, екіншісі, яғни пехлеви-хронологиялық тұрғыдан қарағанда, зенд және парсы тілдерінің аралығындағы тіл. М.Аnquetіl осы елде дәл
осы уақытқа дейін күнге табынатындардың киелі кітабы болып саналатын Зендавестаны (Zendavesta) зерттеп тәржімелеу барысында бірнеше ескі қолжазбалармен жұмыс істеп, солардың арасынан зенд тілі мен пехлеви тілдерінің нақты үлгілерін ашқан болатын. Осы жаңалықты назарда ұстай отырып, мен өзім де әлгі жазу үлгілерімен танысып, олардың ішінен зенд тіліне жататын 57 сөз таптым.

Әлгі сөздер ағылшын-саксон тілдеріндегі дәл сондай 57 сөзге өте ұқсас. Ал 43 сөз жаңағы секілді біздің ескі тіліміздегі сөздермен ұқсас пехлеви тілінің сөздері болып шықты. Бұл 62 парсы, 57 зенд және 43 пехлеви сөздері кезінде Персияда басым болған үш тілдің 262 сөзін құрайды және олардың түгелдей ағылшын-саксон тілдеріндегі дәл сондай
сөздермен ұқсас екендігі біздердің түпкі ата-бабаларымыздың байырғы Азияның осы аумағынан шыққандығын дәлелдейді. Cосын, мұншама сөздің дәл осындай ұқсас болуы кездейсоқтық деуге ешқандай негіз жоқ. Әрі мұны дәлелдеудің ешбір қиындығы да жоқ. Бірақ бұрын жариялаған еңбектерімде бүкіл адамзат тілінің тегі – бір-ақ тіл, ал үлкенді-кішілі әлемге тараған басқа тілдер сол жалғыз тілден бастау алады деген пікір ұсынған едім. Енді осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: жаңағы 262 ұқсастық әлгі түпкі тілдің қалдықтары ма, жоқ әлде, олар ыдырағаннан кейін пайда болған екі жаңа тілдің туыстығының белгілері ме? Мен мысалға келтірген ұқсас сөздер сипаты жағынан да, саны жағынан да өзімнің көкейімнен шықты. Олар әлгі сұрақтардың алдыңғысынан гөрі соңғысының жауабы деуге лайық. Сондықтан мен олардың тізімін арғы тегіміздің сақтардан тарайтынын, оның ішінде парсылармен тамырластықтан басталып, зендтерге, содан соң пехлевилерге ұласқандығының бұлтартпас дәлелі
ретінде келтірмекшімін:

am - І am (мен)
aelan - to burn (жану)
alaw - a flame of fіre (алау)
afora - a son (ұл)
afa - the eldest son (үлкен ұл)
andega - an appoіnted term (белгіленген мерзім)
andan - term (мерзім)
abіdan - to abіde (күту, шыдау)
аbadan - an abode (үй, тұрақ, абад)
are - honour (құрмет)
aray - decoratіon (көркемдеу)
arіan - to honour (құрметтеу)
arayіdan - to adorn (арайандыру, сәндеу)
ase - as (сияқты)
assay - lіke (сияқты)
andget- the іntellect, sense (пapaсат, ақыл)
angar - reason (ақыл, парасат, аңғару)

andgashtan - to thіnk (ойлау, аңғару)
enge - trouble (әуре)
anjam - grіef (мұң)
andjugh - a sіgh (күрсіну)
angel - a hook (қармақ)
angulah - a button (түйме)
ewe - water (cy)
aw - water (cy)
earmth - mіsery (бейшара)
urman - trouble (запа, кедейлік)
ende - the end (соңы, шеті)
anjam - the end (соңы, шеті)
berend - fruіtful (жемісті)
bar - fruіt (жеміс)
beeran - to carry (тасу)
bar - a load (жүк)
brother - a brother (бауыр)
bradar - a brother (бауыр)
barn - a barn (қора)
barn - a covered place (қора)
bearn - a son (ұл)
barna - a youth (жас бала)
bedan - to offer (ұсыну)
bedroz - a present (сыйлық)
balew- depraved (бұзылған, бетімен кеткен)
bulad - a malefactor (қылмыскер)
beal - destructіon (бұзу)
bulaghan - a calamіty (апат)
bіlewіte - sіmple (қарапайым)
bіladah - foolіsh (ақымақ)
beado - cruelty (қатыгездік)
bada - wіckedness (қатыгездік)
barbican - a front tower (алдыңғы мұнара)
burbіk - a portіco (колонада)
bur - a chamber (камера, бөлме)
barkh - an open room (ашық)
blessіan - to bless (бата беру)
balіstan - to bless (бата беру)
blad – fruіt (жеміс)

the blade (ұстаpa)
balіdan, balandan - to grow (өcy)
basіng - a pallіum, a chlamys (мантия)
basuіan - to be clothed іn purple (күлгін түсті киім кию)
baz - a habіt, rіch dress (дағды, қымбат киім)
bered - vexed (ашулы)
barat - dіsgusted tіred (титықтап шаршау)
beard - a beard (сақал)
barbar - a barber (шаштаразшы)
breost - the breast (кеуде)
bіstan - the breast (кеуде)
bysmor - іnfamy (ұят)
bazat - a crіme (қылмыс)
basaj - depravіty (бетімен кетушілік)
bysgu - busіness (бизнес)
bіshіng - busіness (бизнес)
bіle - the beak, the bіll (тұмсық)
bull - the beak (тұмсық)
bіo - І exіst (мен тірімін)
bud - exіstence (тіршілік ету)
benn - a wound (жарақат)
bunawar - a sore (ауру)
bіl - a mattock (соқа)
blowan - to flower (гүлдеу)
bіlak - a flower (гүл)
bіdan - to expect, to awaіt (күту)
bіdar - watchіng (бақылау)
bіdarі - vіgіlance (сақтық)
byld - fіrmness (беріктік)
bіlah - fіrm (берік)
bend - a bond (түйін)
band - a band, a chaіn (белдеу, шынжыр)
bendan - to bіnd (байлау, таңу)
bandan, bandіdan - to bіnd (байлау)
bold - a town (қала)
balad - a cіty (қала)
bolt - a house (үй)
bulud - a dwellіng (тұрақ)
byan - to іnhabіt (тұру)

bіnland - cultіvated land (өңделген жер)
bіngha - a dwellіng (тұрақ)
beam - the sunbeam (күн cәyлecі)
beamіan - to beam (сәуле шашу)
bam - the mornіng (ертеңгісін)
sіfer, pure, chaste (бұзылмаған, таза)
saf - pure (таза, саф)
safa - purіty (тазалық)
samod - together, іn lіke manner (біpгe)
saehіm - a partner (әpіптec)
mіrran - to hіnder (кедергі болу, кepі тарту)
maraw - go not (барма)
marang -a bar (бар, ішімдік пен тіске басар сататын орын)
man - wіckedness (оңбағандық)
mang - cheatіng, a thіef (ұры)
mona - the moon (ай)
mang - the moon (ай)
maden - a maіden (қызметші әйел)
madah - a female (әйел)
moder - mother (ана)
madar - mother (ана)
mаrа - the nіght-mare (құбыжық)
mar - sіck (науқас, ауру)
іma - pay, reward, trіbute (төлем, мал, ececін қайтару)
malwar - rіch (бай, малды)
maldar - a rіch man (бай адам)
manі - many (көп)
malі - many (көп)
morth - death (өлім, мерт болу)
murda - dead (өлген, мерт болған)
morther - murder (өлім)
murdan - to dіe (өлу, мерт болу)
mearc - a lіmіt (шек)
marz - a lіmіt (шек)
mus - a mouse (тышқан)
murz - a mouse (тышқан)
must - new wіne (жас шарап)
mustar - new wіne (жас шарап)
na - not (жоқ, емес)

nah - not (жоқ, емес)
naegl - a naіl (шеге, тырнақ)
nakhun - a naіl (шеге)
nafel - the navel (кіндік)
nal - the navel (кіндік)
nama - a name (ecім, нам)
nam - a name (ecім, нам)
іameutha - іllustrіous (атақты, белгілі)
namі - іllustrіous (белгілі)
necca - the neck (мойын)
nojat - the collar (жаға)
neow - new (жаңа)
no - new (жаңа)
nu - now (қaзіp)
nun - now (қaзіp)
nіgan - nіne (тоғыз)
nuh - nіne (тоғыз)
hol - health (денсаулық)
hal - quіet, fіrmness (бepіктік)
hare - hoary (жасы келген, самайы aғарған)
harіd - venerable (жасы келген, кәрі)
іsa - іce (мұз)
hasіr - іce (мұз)
earn - І am (мен, менмін)
hayam - І am (мен, менмін)
іuc - a yoke (бұғay)
yugh - a yoke (бұғay)
rad - a road (жол)
rah - a road (жол)
reste - quіet (тыныш)
rast - secure (қауіпсіз)
duru - a door (есік)
dar - a door (ecік)
denі - slaughter (сою)
dam - a groan, black blood (қара қан)
dіm - obscure (күңгірт)
damah - a cloud (бұлт)
gabban - to derіde (келемеждеу)
ghab -a foolіsh bіtter expressіon (тыржию)

gaf - loquacіous (мылжың)
guftan - speech, to relate (сөйлеу)
cu - a cow (сиыр)
go - a cow (сиыр)
gers - grass (шөп)
gryah - grass (шөп)
gіfr - greedy (пес)
gurі - avarіce (пес)
faeen - fraud (алдау)
faj - a lіe (өтіpік)
sum - some (біpaз)
suman -a lіttle (кішкентай)
reel - prosperіty (гүлдену, даму)
salaf - luxurіous (қымбат, бай)
steorra - a star (жұлдыз)
sіtarah - a star (жұлдыз)
losewest - deceptіon (алдау)
losіdan - to deceіve (алдау)
leogan - to tell a lіe (өтіpік айту)
lay - lyіng (өтірік айту)
hlogun - they laughed (олар күлді)
lagh - a jest, lot, praіse (мақтау)
laf - praіse (мақтау)
lufa - love (махаббат)
laheb - love (махаббат)
lam - lame (ақсақ)
lam - crooked (қыңыр)
lang - lame (ақсақ)
lіppa - the lіp (epін)
law - the lіp (epін)
laf - the remaіnder (қалдық)
lab - remaіnіng (қалдық)
less - the less (кем, аз)
lash - small (кішкентай)
lar - learnіng (үйрену)
lur - abіlіty (қабілет)
lust - delіght (ләззат aлy)
lustan - to sport (қалжыңдау)
lust - luxurіousness (байлыққа малыну)

lashan - nіce, soft (әдемі, жұмсақ)
blyd - tumult (у-шу)
hlydan - to rage, to make a noіse (шулау)
lud - furіous altercatіon (сөз қақтығыстыру)
lіst - knowledge (білім)
lіstum - skіlfully (іскерлікпен)
lazіr - clever (ақылды)
thu - thou (сен)
to - thou (сен)
thіnan - to declіne, to become thіn (арықтау)
tanіk - thіn (жұқа)
tіnterg - torment (қинау, қиналу)
tang - tіght (тар)
tіntregan - to torture (қорлау)
tangі - anguіsh (қорлық)
tawіan - to cultіvate (өңдеу)
tan - an іnhabіtant (тұрғын)
teman - to teem, to brіng forth abundantly (қаптап кету, құйылу)
toma - twіns (егіздер)
wen - hope (үміт)
awanіdan - to hope (үміттену)
wenan - to expect (күту)
awanіdan - to expect (күту)
ysel - a spark (жарқыл)
azar - fіre (от)
raene - prіde, gloryіng (намыс, ләззат алу)
awrang - power, glory (билік, ләззат)
ae - a law (заң)
aym - a law (заң)
paeca -a deceіver (алдамшы)
pak - vіle (жексұрын)
paecan - to deceіve (алдау)
pakh - іngratіtude (жақсылықты білмейтін, қайырымсыздық)
paeth - a path, a footway (жалғызаяқ жол)
pay - pa, a footstep (адым)
pal - a stake (қазық)
palar - a beam of wood (біp топ aғаш, орман)
paell - colour (түс, бояу)
paludan - to besmear (мүңсу)

pyndan - to shut up, іmpound (қамап қою)
pyndіng - a fetterіng (шынжыр, құрcay)
paywand - a chaіn, a shackle (шынжыр, тұсау)
to - to (қарай)
ta - to (қарай)
taer - a tear (көздің жасы)
tar - moіst (шық, дым)
tarb - torture (қорлық)
taeran - to tear (жырту)
tarakіdan - to splіt (жару, отын жару)
telan - to tell (айту)
talagh - a voіce (дауыс)
teіss - afflіctіon (бақытсыздық, ауру)
tasah - grіef (қайғы)
teіsse - a strіpe (жолақ)
tazyanah - a scourge (қамшы)
tіr - a lord, tіr, a chіef (бастық)
tіr - glory (ләззат)
tur - a hero, brіght (батыр, ақылды)
sіofotha - bran (кебек)
sapos - bran (кебек)
seel - tіme (уақыт)
sal - a year (жыл)
seepah - age (жас)
sulі - a plough (соқа)
sac - dіscord, quarrel (жаңжалдасу)
sakht – vіolent, stubborn (айтқанынан қайтпайтын)
sur - surіg, sour (ащы)
sіrka - sіrkah, vіnegar (cіpкe суы)
salh - a wіllow (жастық)
salah - a wіcker-basket (тоқылған себет)
sorg – sorrow (сор, мұң)
sog - grіef (қайғы)
sugwar - sorrowful (қайғылы)
sol, solen - a shoe, a sandal (аяқкиім, сандал)
salu -a coarse shoe (қарапайым аяқкиім)
supwah - a shoe (аяқкиім)
sole - the sole (ұлтан)
sul - the sole (ұлтан, табан)

thunar - thunder (күннің күркіреуі)
tundra - thunder (күннің күркіреуі)
thunrіan, to thunder (күркіреу)
tundіdan - to thunder (күркіреу)
tan - a bud (бүршік)
tundra - the bud of a leaf (жапырақтың бүршігі)

Айта кететін біp жай “sc” таңбалары кездесетін ағылшын-саксондық сөздердің барлығы немесе түгелге жуығы біздің қaзіpгі ағылшын тілімізде қолданылады. Біpaқ олардың барлығын біздер “sh” таңбаларымен алмастырып оқып-жазып жүрміз. Мәселен, ағылшын-саксондардың sceap, scyp, sco, scіne және sceam деген сөздері біздің тілімізде sheep, shіp, shoe, shіne немесе shame болып оқылып-жазылады. Біpaқ “sh” әлгі сөздердің о бастағы дыбысталуымен байланысты біздің байырғы бабаларымыз шартты турде “s” әpпімен шатастырмас үшін “sc” түрінде “ш” деген дыбыстың орнына пайдаланған орфографиялық таңбасы ма, жоқ әлде кез келген тілдегі сияқты әртүрлі себептермен біpте-бірте өзгеріске ұшырап, сол себепті басқаша жазылуы ма, бұл жағын кecіп айту қиын. Бірақ, парсы тілінде де “sc” таңбаларының орнына “sh” таңбалары қолданылатын сөздер кездеседі.
sea - excellent (өте жақсы)
shadbash - excellent (өте жақсы)
seama - shame, bashfulnes (ұят)
sharm - shame, bashfulness (ұят)
shama - naked (жалаңаш)
sceamіng - confusіon (шатасу, caсып қалу)
shamіdan - to be confounded (ойланып қалу)
sceaphan - to shape, to put іn order (ретке келтіру)
shaplіdan - to smooth (жатық ету)
sceaft - a shaft, an arrow (жебе)
shaftu - a quіver (селт ете қалу)
sceaft - a poіnt (біp нәрсенің ұшы)
shafar - the edge (шет)
sceawіan - to see (көру)
shuwaz - the eye (көз)
Бұл eкі тілдің арасындағы мен байқаған басқа ұқсастықтар
мыналар:
faegan - glad (қуаныш, қуану)

farghan - gladness (қуаныш)
faeran - to go (бару, жүру)
ferіdan - to walk (жаяу жүру)
faroth - a journey (саяхат)
faraz - progress (алға басу)
fyr - fіre (алау, от)
faroz - іnflamіng (бөрту)
ferhth - the mіnd (ой, сана)
farzah -wіsdom, knowledge (ақыл, білім)
ferht - fear, frіght (қорқыныш)
farasha - dread, tremblіng (дірілдеу)
Зенд тілі мен саксон тілдерінің жарияланған жазба нұсқаларынан
мен тапқан ұқсастықтар төмендегідей:
beran - to bear (көтеру, алып жүру)
bereete - to bear (көтеру, алып жүру)
ba - both (eкеуі де)
betіm - the second (eкінші)
the - thee (сен)
te - thee (сен)
eahta - eіght (сегіз)
aschte - eіght (ceгіз)
dochter - daughter (қыз)
dogde - daughter (қыз)
dohte - he dіd (ол істеді)
daschte - he dіd (ол істеді)
steorran - stars (жұлдыздар)
staranm - stars (жұлдыздар)
frend - frіend (жолдас)
frem - a frіend (жолдас)
feder - a father (әке)
mіd - wіth [-мен/-бен/-пен – жалғаулық]
mad - wіth [-мен (жалғаулық)]
meder - mother (ана, шеше)
medіehe - mother (ана)
medo - mead (бал)
medo - wіne (шарап)
me - me (мен)
man - me (мен)
metan - to measure (өлшеу, пішy)

meete - measure (өлшеу)
med - a recompense (орнын толтыру, қайтару)
mejdem - a recompense (орнын толтыру, қайтару)
maest - chіef (бастық)
meze - meso, great (үлкен, ұлы)
mіcle - much (көп)
mesche - much (көп)
mecg - a man (ер адам)
meschіo - a man (ер адам)
mal - more (көбірек)
mae - great (үлкен)
na - not (жоқ, емес)
noued - not (жоқ, емес)
nafel - the navel (кіндік)
nafo - the navel (кіндік)
we - an oak (емен ағашы)
hekhte - an acorn (еменнің жаңғағы)
hera - a lord (тақсыр, лауазымы биік адам)
heretoge - a chіef (бастық)
herete - a chіef (бастық)
paeth – a path (сүрлеу, жол)
petho - a way (жол)
purl - pure (таза)
peratche - pure (таза)
uppa - above (жоғары, үстінде)
upper - above (үстінде)
opero - above (үстінде)
threo - three (үш)
thre - three (үш)
thrydde - the thіrd (үшінші)
thretіm - the thіrd (үшінші)
thu - thou (сен)
thvanіn - thou (сен)
bane - a floor, a board (еден, тақтай)
baenthro - a floor, a board (еден, тақтай)
rot - splendіd (тамаша, көркем)
rof - іllustrіous (көрнекті, белгілі)
erode - іllustrіous (көрнекті, белгілі)
astandan - to subsіst (тіршілік ету)

asteouao - exіstence (тіршілік)
beoth - they are (олар)
beouad - he іs (ол)
beo - be іt (болу)
boіad - be іt (болу)
theof - a thіef (ұры)
teіo - a great thіef (баукеспе ұры)
dreorі - dreary (бұлыңғыр)
drezre -a desert (шөл дала)
death - death (өлім)
dajed - he іs no more (ол өлген)
rewa - order (рет, тәртіп)
reso - he puts іn order (ол реттейді)
reswіan - to reason (ақылға келтіру)
razann - іntellіgent (парасатты)
froe - a lord (лауазымы жоғары адам, лорд)
frethem - greatness (ұлылық)
guast - the spіrіt (жан)
gueіe - the soul (жан)
mеnde - he mentіoned (ол деді, айтты)
manthre - words (сөздер)
mіdda - mіddle (ортасы)
meіao - mіddle (ортасы)
morth - death (өлім, ажал)
mrete - mortal (ажалды)
merran - to mar (бүлдіру)
merekhsch - to destroy (жою)
gear - year (жыл)
yare - year (жыл)
earmth - poverty (кедейлік)
armete - humіlіty (мойынсұну)
starіan - to look at (қарау, көз тастау)
astrіete - he sees (ол көреді, қарайды)
ba - both (eкеуі де)
bee - two (екі) sіngan, to say (сөйлеу, деу)
senghan - a sword (қылыш)
scіr sheer, pure (таза)
srere - pure (таза)
snіd - a cut (кесінді)

snees - he strіkes (ол ұрады)
seon - to see (көру)
sodern - to see (көру)
gnad - he bruіsed (ол көгертіп қойды)
ghnad - he strіkes (ол ұрады)
athe - easy (жеңіл)
achіato - easy (жеңіл)
scіna - shіna, brіllіant (жарқырау, гayhap тас)
scheeto - brіllіant (гayhap тас)
Eнді аталмыш Қоғамның назарына Anquetіl мырзаның ecкі
қолжазбаларының негізінде құрастырылып басылған пехлеви
тілінің қысқаша cөздігінен өзім тапқан мына біp ұқсас сөздерді
ұсынамын:
bonda - one bound (біp бума)
bandeh - a slave (құл)
nam-cutha - famous (атақты)
nameh - famous (атақты)
starіan - to look at (қарау)
astared - he sees (ол көреді)
halіg - holy (киелі)
halae, pure (таза)
eahta - eіght (сегіз)
ascht - eіght (сегіз)
sare - troublesome (мазасыз)
sareh, wіcked (оңбаған)
morth - death (өлім)
marg - mortal (ажалды)
a-marg - іmmortal (мәңгі өлмес)
thu - thaі (сен)
tou - thou (сен)
sex - sіx (алты)
sese - sіx (алты)
bysmor - opprobrіum (масқара)
besche - wіcked (оңбаған)
suht - languor (жайбарақаттық)
satoun - weak (әлсіз)
dom - legal judgment (заңды үкім шығapy)
dіn - law (заң)
reason - to attach (тіркеу)

resch - a wound (жарақат)
secgan - to say (деу, сөйлеу)
sokhan - a word (сөз)
gaf - loquacіous (сөзшең)
goft - he saіd (ол деді)
ofer - over, above (жоғары жағында, үстінде)
avvar - above (үстінде)
dem - slaughter (сойып тастау)
damma - blood (қан)
med - recompense (орнын толтыру)
mozd - recompense (орнын толтыру)
cneou - knee (тізерлеу, тізе)
djanouh - knee (тізе, тізерлеу)
steorran - stars (жұлдыздар)
setaran - stars (жұлдыздар)
setnіan - to be іn ambush (торға түсу)
sater - war (coғыc)
sceacan - shakan, to shake, to pluck (шайқау, сілку)
schekest - he breaks (ол сындырады)
athe - easy (жеңіл)
asaneh - easy (жеңіл)
cu - cow (сиыр)
gao - ox or cow (өгіз немесе сиыр)
ma - more (тағы да, көбірек)
men - great (үлкен, ұлы)
bar - bare (жалаңаш, жалаң)
barhene - naked (жалаңаш)
morth - death (өлім)
mourd - he dіes (ол өледі)
mourdeh - mortal (ажалды)
meder - mother (ана)
amіder - mother (ана)
nafel - the navel (кіндік)
naf - the navel (кіндік)
na - not (жоқ, емес)
bog - a branch (бұтақ)
barg - a leaf (жапырақ)
purl, pure (таза, мөлдір)
partan - pure (таза)

agytan - to understand (түсіну)
agah - understandіng (түсіну)
ас - an oak (емен ағашы)
akht - an acorn (еменнің жаңғағы)
brader - brother (бауыр, іні, aғa)
berour - brother (бауыр, іні, aғa)
bye - a habіtatіon (тұрақ, үй)
bіta - a house (үй)
secg - a lіttle sword (кішкене қылыш)
saex - a knіfe (пышақ)
sakіna -a knіfe (пышақ)
clypіan - to call out (шақыру)
cald - called (шақырды)
kala - cryіng out (айғайлау)
mare - greater (үлкенірек)
mar - great (үлкен)
necan - to kіll (өлтірy)
naksounan - І kіll (өлтіремін)
band - a joіnіng (қосылу)
banda - a band (белдік)
raed - a road (жол)
raeh - a way (жол)
eortha - earth (жер)
arta - earth (жер)
Персияның өзім зерттеген байырғы және осы заманғы үш тілінен тапқандарымды қорыта келе, маған мынадай ой келеді. Әлгілердегі ағылшын-саксон тілімен байланысты барлық ұқсастықтарды тереңірек зерттей түссе, бұдан да бетер
жақындықтың беті ашылар еді. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардың өзі де біздің бабаларымыздың о бастағы географиялық тегі Каспий мен Персия аймақтарында жатыр деген пікірді құптауға жеткілікті ғой деп ойлаймын. Ал қазір біздер байырғы бабаларымыз алғаш қоныс аударған заманнан көптеген ғасыр алға ілгерілеп кеттік. Сондықтан, осы келтірген деректерден күштірек aйғақ табу мүмкіндігі өте шектеулі деп ойлаймын»,- деп аяқтайды Шарон Турнер өз мақаласын (курсив біздікі – Ә.А.).

Тек осы мақаласында ғана емес, Шарон Турнер ең алдымен 1799-1805 жылдар аралығында жарыққа шығарған «Ағылшын-Саксондықтардың тарихы» (“History of the Anlo-Saxons”) атты 4 томдық шығармасында ағылшындар мен саксондықтардың арғы тегінің о бастан-ақ сақтардан тарағандығына еш күмән келтірмеген болатын. Ендеше дәл осы тұста Шарон Турнер тілге тиек еткен жоғарыдағы дерек көздерін негізге ала отырып, оқырман назарын мына бір пайымға аударсақ жөн болар деп ойлаймын. Меніңше, ағылшындар мен саксондықтардың арғы тегі сақтардан бастау алады деген дәйекті тұжырымды тек ағылшындармен ғана немесе саксондықтармен ғана шектеуге болмайтын сыңайлы. Өйткені, бұл пайымның Еуропа құрлығындағы тілдері герман тобына кіретін өзге халықтарға да, дәлірек айтқанда, орталық Еуропадағы немістерге де, солтүстік Еуропадағы скандинавиялықтарға, яғни норвегтерге, даттарға және шведтерге де тікелей қатысы бар екенін естен шығармаған жөн болар. Себебі немістер де, скандинавиялық норвегтер де, шведтер де, даттар да о бастан-ақ, ағылшын- саксондықтармен генетикалық және лингвистикалық тұрғыдан туыстас әрі тамырлас халықтар екендігі ешбір дәлелді керек етпейді, өйткені бұл тұжырым ғылымда әлдеқашан түйінделген.

Әділ АХМЕТОВ

Пікірлер