Барыс қайтып оралмақ. Алматыдағы мурал дауы

1864
Adyrna.kz Telegram

Алматыдағы Жібек жолы көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде Coca-Cola жарнамасының орнына тағы да қар барысы бейнеленген мурал пайда болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ulysmedia.kz басылымының хабарлауынша, Coca-Cola компаниясы жарнама үшін бастапқыда басқа үйдің қабырғасы таңдалғанын, бірақ тұрғындардан қажетті келісімді алу мүмкін болмағанын айтты. Олар түнгі жұмыс кезінде болуы мүмкін шуды жақтырмайды.

Содан кейін балама ретінде МИК рұқсатымен барыстың муралы тұрған қабырға ұсынылды.

"Біздің қабырға суретін ауыстыру туралы шешіміміз алматылықтарды ренжіту ниетінен туындаған жоқ. Өкінішке қарай, біз қабырға суретін ауыстырды МИК өкілдерінің келісімімен жүзеге асырдық. Тұрғындардың пікірін сұрамай-ақ, барыс бейнеленген суретті алып тастадық. Сол үшін сурет авторынан да кешірім сұраймыз”, – деп жазды компания өкілдері.

Олар барлық Алматы тұрғындарынан кешірім сұрады.

«Біз осы кезде қар барысы бейнеленген суреттің алматылықтар үшін қаншалықты құнды екенін түсіндік, біз өзіміздің фурнитурамызды алып тастап, барыс бейнеленген қабырға суретін қалпына келтіреміз», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар қар барысы бар қабырға суретін алып тастағаны үшін наразы болған еді. Оның орнына Coca-Cola жарнамасы пайда болып, әлеуметтік желілерде сын тудырды.

Пікірлер