Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үші Сиань қаласындағы Халықаралық конференциялар орталығына барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.
Бұл ауқымды іс-шарада Қытай мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастарды дамытудың жаңа жоспары белгіленбек.
Еске сала кетейік, 17 мамырда Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытай Халық Республикасына барғанын жазған едік.
Президент мемлекеттік сапар аясында 47 келісімге қол қойды. Сондай-ақ қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелінде құны 22 миллиард доллар болатын келісім-шарттар жасасты.