Ресейлік сайтта Қырғызстан төлқұжаты сатылып жатыр — Жоғарғы кеңес депутаты

3330
Adyrna.kz Telegram

Жоғары Кеңес депутаты Гуля Қожоқұлова Қырғызстан төлқұжаты Ресейдегі avito.ru жарнамалық сайтында ашық сатылып жатқанын мәлімдеді. Ол бұл мәселені 18 мамырда өткен парламент отырысында көтеріп, Ұлттық қауіпсіздік комитетін шара қолдануға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қырғыз азаматтығы еркін сатылып жатыр. Біздің құпия қызмет қайда қарап отыр? Цифрлық даму министрлігі не істейді? Біздің төлқұжаттарымыз әртүрлі жерлерде сатылады, бұл көптеген келеңсіздікке әкеледі»,—деді Қожоқұлова.

avito.ru сайтында азаматтық сатып алу құну 120 000 - 270 000 рубль аралығында деп жазылған. Жарнама берушілер қырғыз тілін білу және ресейлік төлқұжаттан бас тарту міндетті емес екенін айтады. Сондай-ақ Қырғызстан азаматтығын алу арқылы банктерден есепшот ашуға және АҚШ пен Еуропаға виза алуға болады делінген.

Айта кетейік, Ресей-Украина қақтығыстары басталғаннан кейін Қырғызстан азаматтығын алғысы келетін ресейліктердің саны артты. Бұған дейін Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровтың 2022 жылы азаматтық алу туралы жарлығы негізінде Ресейдің ондаған белгілі шенеунігі мен ірі бизнесмендері азаматтық алған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер