Алматы облысында 30 жұмыссыз азаматқа жолдама берілді

441
Adyrna.kz Telegram
twitter.com
twitter.com

Қарасай ауданында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге аудандағы 20 ірі кәсіпорын мен  жеке шаруашылық серіктестіктері қатысып, 60-қа жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған шараға 70 жұмыссыз азамат, 10 мүгедектігі бар азаматтар,  20 пробация есебінде тұрған адам, барлығы  100-ге жуық жұмыссыз азамат қатысты.

Соныман қатар, Казпочта Акционерлік Қоғамы, «ТОО Тазалық», Жеке кәсіпкер «OQY TIME», «НАХ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  «Алсад Казахстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жұлдыз-2» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «RG Brands Kazakhstan» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі сияқты ауданымыздағы ең ірі жұмыс беруші компанияның өкілдері төбе көрсетті.

Жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін түрде сұхбат жүргізді. 100 жұмыссыз азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасуға ниетті екендігін айтып, 30 жолдама алды. Оның 10 азаматы жас мамандар.

Ай сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңке бүгінде қай сала мамандарына сұраныс көп немесе тапшы екендігін және еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға болатындығын анықталды.

Жұмыс беруші компанияның өкілдері қатысқан шара барысында келушілермен «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы»  аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шағын несие және грант алу, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарынан өту туралы мағлұматтар берілді.

Пікірлер