Астанада жыл бойы оқушыларға бірде-бір сабақ өтпеген №49-мектеп директоры жұмыстан кетті

3049
Adyrna.kz Telegram

Елордада орналасқан №49 мектептің директоры бірқатар үйірме сабақтарын өзіне алып, алайда еш сабақ өтпегені жайлы шағымданған оқушылардың орыс тіліндегі видеосы желіде тараған еді. Ұлттық ақпарат кеңістігінде туған дүрбелеңнен соң мектеп директорының ісі арнайы жұмыс тобында қаралып, нәтижесінде ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдайға түсінік берді.

«Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған», - делінген хабарламада.

Ұлттық ақпарат кеңістігінде тараған ақпаратқа сенсек, мектеп директоры «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сияқты факультативті сабақтар үшін ақша алып отырған. Дегенмен  үйірме сабақтарын жүйелі түрде өткізбеген. Әлеуметтік желіде мұны орыс тілінде айтып, өздерінің жаңа білімнен қағылғанын хабарлаған оқушылар жалпақ жұрттың назарын аударды.

«Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы» және «Жаһандық құзыреттілік» сынды дәрістердің өтпеуіне шағымданған оқушылардың орыс тілінде үйдеу жолдауы мемлекеттік тіл саясатының мектепте дұрыс жүргізілмейтіндігінен хабар береді.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер