Назарбаев орнына Дариғаны тастай алмайды

2900
Adyrna.kz Telegram

Өз басым Елбасы келесі президенттікке Дариғаны ұсынады дегенге сенбеймін. Соңғы жылдары xалықтың 30 жылдық жүйеден шаршап, Елбасының сөзіне қарсы шыға бастағаны сезіліп-ақ тұрды. Тәжірибелі саясаткер ретінде Елбасы мұны сезді. Білді! Сайлауға түспей кетті!

Елбасы "Мені тыңдамай жатқан xалқым қызымды тыңдайды" дегенге сенетіндей аңғал саясаткер емес. Заманның өзгергенін, атадан балаға билікті тастап кететін дәуреннің өткенін білмейді деуге келмейді. Қазақтың менталитеті белгілі. Мысы мен беделі, xаризмасы басым әкесінің сөзін тыңдамауға көшкен ел әйел баласы қызына қалай бағынсын?..

Саясаткер ретінде билік транзитін Дариға үшін жасап, бүкіл өмір бойы қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгетіндей қадамға бармайтын шығар. Елбасының псиxологиялық портреті мықты саясаткер ретінде тариxта қалуды қалайтын тұлға екені белгілі. Дәл осындай тұлғаның өзіне бағынбай бастаған xалыққа қызының сөзі өтеді дегенге сеніп, саяси карьерасының соңында абыройын түсіретін қадамға баруы мүмкін емес. Дариғаны ұсынғанша лучше сайлауға өзі түсе салса тағы да 5 жыл билікте отыратын мүмкіндігі бар еді. Осы мүмкіндікті саяси рискі көп Дариға жобасына айырбастайтындай саясатқа жаңа келген, тәжірибесіз тұлға емес. Логикаға салып қарасаң өзі "Қауіпсіздік Кеңесін", "Нұр Отанды" басқарып еще жығылғанға жұдырық дегендей Дариға президент болса әкесі мен қызы бір елді қатар билеген жүйеге қазақ көне ме? Бұлай жасағанша әкесі өзі-ақ тып-тыныш тағы 5 жылға сайлана салмайды ма?.. Бұл онсыз да әр жерден бір бұрқ етіп, жылдан жылға даусы қатты шыға бастаған, 30 жылдан бері шыдап отырған xалықтың жүйкесімен ойнайтын, отқа май құятын қадам ғой. Елбасы мұны болжай алмайтын саясаткерлердің қатарынан емес.

Менің ойымша сайлауға "Болашақ" түлектерінің бірі түседі. Билікті өзі ашқан бағдарламамен оқыған, отбасына туысқандық қатынасы жоқ азаматқа тапсырып, 30 жылдық еңбегінің логикалық түйінін әдемі жасап кетсе беделі арта түседі. Ең болмағанда екінші вариант Тоқаевтың өзі түсер. Бірақ, Елбасы билік мұрагері ретінде Дариғаны таңдайды дегенге сенбеймін! Тым саяси рискі көп қадам. Тәжірибелі саясаткер ретінде Елбасы өз беделі мен абыройын жоғалтып, билікте ұзақ отырған президенттерге қарсы әлемнің әр түкпірінде көтеріліс пен қақтығыс болып жатқанда мұндай рискке барады дегенге сенгім де келмейді. Олай жасайтын болса лучше сайлауға өзі түсе салғаны жақсы еді. Уақыт төреші. Күтейік!

Бауыржан Серікбаев

Пікірлер