Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

2467
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген құжатта. Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы дүниеге келген. Социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҰҚК төрағасы, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметтерін атқарған. 1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер